Франция – Хоруатия кім мықты?

0
13

Ресейде өтіп жатқан футболдан әлем чем­пионаты да өз мәресіне жетіп қалды. 10-11 шілде күндері ширек финал ойындары ойналып әлем біріншілігіне таласатын құрамалар да белгілі болды.
10 шілде күні көпшілік күткен Франция – Бельгия құрама командалары кез­десті. Бұл кездесуде сарапшылар әу баста Францияны фоварит деп санаған. Алайда өзінің тосын шабуылдары мен ойын барысын күрт өз­гертуге қабілетті Бельгия командасына да үміт артқандар аз болған жоқ. Кездесу басталысымен тар­тысты өткенімен екінші тайм­да ғана француздар (51-ми­нутта) есеп ашты. Есеп 1-0.
11 шілде күні Хоруатия мен Ағылшын құрамалары кез­дес­ті. Ойын басы тар­тыс­т­ы басталды. Ал­ғаш­­­қы минуттардан-ақ қа­уіпті ша­буылдардың ұйым­­­­дас­ты­рылуы со­ның дәлелі. Сондай ша­буыл­дар­дың бі­рінен соң ағылшындар айып добын тебу мүм­кін­дігін алды. 5-ми­нутта оны қор­ғаушы Киран Трип­пьер та­маша орын­дап, есеп аш­ты – 1:0.
Ерте гол жіберіп алған хоруаттар есепті теңес­тіру үшін көп тер төкті. Бі­рақ бірінші таймда оның сәті түскен жоқ. Тек 68-минутта ғана Иван Перишич есепті теңестірді.
Ойын экстра-таймға жал­ғасты. Экстра-тайм­дар­дың алғаш­қысында ойынның біраз берекесі қаш­қандай болды. Сон­да да Златко Далич жат­тық­тыратын Хор­уатия гол соғатын күш таба білді. Экстра-тайм­дар­­дың екіншісінде, дәлі­регі, 109-минутта Иван Пе­ришич допты кенет бас­пен айып алаңына асы­рып, Марио Манд­жукич гол соқты. Есеп – 2:1. Хоруатия тари­хын­да алғаш рет Әлем чем­пио­натының фина­лына шық­ты.
Ағылшындар енді 14 шілдеде Бельгиямен үшінші орын үшін алаңға шығады.
Енді 15 шілде де Фран­ция мен Хоруатия фут­болдан 2018 жылғы Әлем чем­пионатының жеңім­пазын анықтайды.

Жауап қалдыру