Ертең – ширек финалдық ойындар

0
111

Ресей жерінде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының ширек финалына шыққан командалар толығымен анықталды. Сенсацияға толы ала доп додасында кіл мықты бірнеше команданың жарыстан шығып қалуы жарыстың көркін қыздыра түсті.
Франция Уругвай құрама­лары арасында 6 шілдеде өтетін алғашқы ширек финалдық ойынды мамандар аса тартысты өтеді деп болжап отыр. Өйткені көпшілік дәл осы латына­мерикалықтар чемпион атанып жатса таңданыс тудырмайтынын жасырмауда. Осы күні әлемнің бес дүркін чемпиондары бразилиялықтар шабысы шалымды Бельгия құрамасымен кездеседі.
Ал 7 шілде күні 1/8 финалда Испанияны жолдан тайдырған жарыс иелері Ресей құрамасы Хорватиямен күш сынасады. Ширек финалда өнер көрсететін келесі жұпты Шведия мен Англия құрамалары құрап отыр. Ойындар әдеттегідей «Qazsport» және «Qazaqstan» арналарынан көрсетіледі.

Төрткен ҚЫЗЫЛЖАР

Жауап қалдыру