Брайсон Видаль – «Әлем барысы»

0
67

25-қазанда Керекуде ға­лам­ның кіл мықтыларының басын қосқан «Әлем барысы» халықаралық турнирі өтті. «Астана» мұз сарайына жи­нал­ған қауымның қарасы да көп.
Ұйымдастырушылардың есе­бін­­ше, халықаралық белде­су­­­ді үш мыңға жуық көрер­мен та­ма­ша­ла­ған. Алдымен жинал­ған­дар­дың назарына қазақ кү­­ре­сінің тари­хын та­ныт­қан театр­­ландырылған қойы­лым ұсы­­­нылды. Сондай-ақ, көш­пен­ді­лер­дің тыныс-тірші­лігін паш етер кө­рі­ніс­тер көр­се­тілді.
Сонымен көрерменін асыға күттірген сәт те келіп жетті. Бозкілемде әлемнің үздік 38 балуаны бақ сынасты. Ай­қас алаңынан бірін-бірі ығыс­тыр­ған балуандардың жүлде­лі орын­дарға таласатындары ірік­теліп шықты. Дегенмен, әлем­дік додаға үкілеп қосқан Руслан Әбдіразақов пен Бейбіт Ыстыбаев, Асыл Барменов жүл­де­лі орындарға қол жет­кізе алмады. Тек былтыр­ғы жылы «Қазақстан барысы» атан­ған шы­ғыс­қазақстан­дық Айбек Нұ­ғы­маров ақтық сынға сү­рінбей жет­ті. Қазақ палуаны бар күш-жі­герін салғаны­мен, же­ңіс қар­сы­ласына бұйырды. Сөй­тіп, Брайсон Видаль «Alem Barysy» алтын белбеуін иеленді. Айбек Нұ­ғы­маров екінші орынды ен­ші­леді. Ал үшінші орын үшін тартыста ресейлік Максим Ширяев, одан ұтылған былтыр­ғы «Еуразия Барысы» Бейбіт Ыстыбаев төртінші орынға жай­ғас­ты.
Осылайша турнир чемпионы – Брайсон Видаль 100 мың, екін­ші орын алған Айбек Нұ­ғы­маров 20 мың жә­не ресейлік Максим Ширяев10 мың АҚШ долларын қан­жы­ға­ла­ры­на байлады. Қазақ­стан Республикасы Пре­зиденті әкімші­лі­гі­нің өкілі Бағлан Майлыбаев пен ай­мақ басшысы Қанат Бозымбаев балуандарды жаңа әлемдік дең­гейдегі жеңістерімен құт­тық­тады.
Ермек АҚСУАТ

Жауап қалдыру