Бізге олимптік сабыр керек…

0
28

Алматы мен Бейжің қысқы 2022 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге басты үміткер деген соңғы жаңа­лық кө­ңіл­дер­ге қуаныш ұялатты. Үміткерлердің арасында біздің ел­дің қа­луы­ның өзі жұбаныш, ал Аспан асты елімен бірге қа­лудың өзі мықтылығымызды көрсетпей ме?! Дегенмен олим­птік төзім сақ­тайық. Ойындарды өткізуге деген мүм­кін­ді­гі­міз әлі де бар!
Бұл мәселеде әртүрлі пікірлер бар, бірақ біздің еліміз­де дене шынықтыру мен спортты дамытуда жоспарлы жұ­мыс­тардың іске асырып жат­қан­дығы анық.
Қазақстан тәуелсіздікке қол жет­кізген жылдары еліміз­де алдыңғы қатарлы әлемдік стан­дарт­тарға сай зәулім спорт ғи­ма­раттары салынды. Олар­дың бә­рі де халықара­лық дең­гей­де­гі жарыстарды өт­кі­зу барысында шетелдік сарапшылардан жо­ғары бағаға ие болды.
Алматы және Астана қа­ла­ларында Азиаданы өт­кі­зу­дің арқасында Астана-Арена, «Сарыарқа» велотрегі, заманауи мұз сарайы және басқа да ғи­ма­раттар бой көтерді. Осындай деңгейдегі жарыстар­дың өтуі­нің өзі – біздің елі­еміз­де дене шынықтыру мен спортты да­мы­туға мемлекеттік қолдау көрсе­тіліп жатқандығы­ның ай­ға­ғы. Сондықтан да соңғы кез­де­рі ірі халықаралық жарыстарда Мемлекеттік Ән­ұра­ны­мыз шырқалып, Қазақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сының Мемлекеттік Туы биікте көп желбірейтін күн­ге де жеттік.
Қысқы Олимпиада ойындары – 2022 өткізу құқы­ғын иелену тақырыбына қай­та­дан ойыс­сақ, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің айтуы бойынша: «Осындай дең­гей­де­гі спорт­тық жарыстар өт­кі­зуге бізде барлық негіз бар». Бұл ең алдымен, бүкіл дүние жү­зіне белгілі «Медеу» мұз айдыны, «Шымбұлақ» тау­шаң­ғы кешені, шаңғы трамп­лин­де­рі жә­не басқалары сияқты не­гіз­гі спорт ғимараттары мен алаңдары бар. 2022 жылы Алматыда қысқы Олимпиада ойындарын өткізу Қа­зақ­стан­ның беделін нығайта түсе­ді. Ел­дің танымалдығы артады, ал Алматы қаласы абат­тан­дырылады, одан қала­лық­тар­дың ұт­паса, ұтыл­масы белгілі, – деп мә­лім­де­ді қала әкімі А. Есі­мов.
Bnews ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында А. Есі­мов былай деген еді: «Егер біз Олимпиада өткізу құ­қы­ғын жеңіп алсақ, бұл ең алдымен елдің беделін кө­те­реді, Қа­зақ­стан­ның шын мәнін­де, Олимпиада Ойындарын өткізуге қау­қар­лы қуатты әрі мық­ты ел екендігін әлемге танытады. Жас мемлекет үшін бұл өте ма­ңыз­ды оқиға, себебі біз­дің Пре­зи­ден­тіміз көптеген іс-шаралар өткізеді, Қазақ­стан айтулы оқиғалардың бастамашысы болып жүр. Бұл Қа­зақ­стан­ның әлемге танылуы үшін қа­жет. Бұл ретте Олимпиада біздің елдің тарихындағы ха­лық­аралық маңызы зор ең ау­қымды іс-шара болатын шы­ғар». Сондай-ақ, осындай ма­ңыз­ды іс-шараның мегаполис тұр­ғын­дары үшін де «жақ­сы» жақтары атап көр­се­тіл­ді.
«Егер біз Олимпиаданы өт­кі­зе­тін болсақ, оны жаңадан салынып жатқан екі тамаша спорт сарайының арқасында өт­кі­земіз. Көркейіп келе жат­қан Алатау ауданында коммуникациялар жүргіземіз. Бұл ел­ді мекендерді барлық қажетті ком­муникациямен қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен бірге индустриальды ай­мақ­та өнер­кәсіпті, өндірісті да­мы­туға серпін береді. Индус­триал­ьдық аймақ – бұл біз­дің қаламыз өнеркәсібінің екінші тынысы десе де болады. Әл­бет­те, қала әлемнің түк­пір түк­пі­рінен келетін спортшыларды қа­был­дайды және өзі де со­ған сай көркейе түседі. Қа­лаға жұм­сал­ған әрбір теңге – бұл тү­сетін салықтар, ашылатын жаңа жұмыс орындары және адам­дардың денсаулығы. Бұл бә­рі­міз үшін де тиімді болады, – деп атап көрсетті журналистер алдында сөйлеген сө­зін­де қала әкімі.
Оңтүстік мегаполистің әкімі сен­діргендей, мұның бәрі радиусы 35 шақырымда болады және барынша жинақылықты қам­тамасыз етеді. Егер соңғы ше­шім біздің елдің пайдасына шешілетін болса, мұның бә­рі еселене түсетіні белгілі. Алайда, біздің ұлы көрші­міз – Қы­тай­дың да ниетін есептен шығарып тастауға әсте болмас. Олардың жазғы Олимпиада ойындарын қандай керемет етіп өткізгенін көз­бен көр­дік, шын мәнінде ешкім­ді жай­барақат қалдырған жоқ. Олимпиада ойындары­ның қо­жайын­дары өздерінде қал­дыр­ған жоғары марапаттың санын айтпағанның өзінде, бүкіл дү­ние жүзін таң қалдырған оқи­ға болды. Сондық­тан Бейжің­нің жеңіске деген мүм­кін­ді­гі әл­де­қай­да жоғары, бірақ бә­рін де ірік­теудің белгіленген талаптарына сай сарапшылар ше­ше­тін болады. Әліптің артын күтейік…
Енді қайтадан өзіміз өт­кіз­ген Азия ойындарына келей­ік. Бел­­гі­лі саясаткерлер, қоғам қай­­рат­кер­лері мен атақ­ты спорт­шы­лар Алматы қала­сы­ның ор­та­лық көшелерінде Азиа­да­ның алауын алып өтті. Сол сәтте дүйім дүние біз­дің тә­уел­сіз мем­ле­ке­ті­міз – Қа­зақ­стан Рес­публикасы туралы хабардар болды. 2011 жылғы Азиада Қазақстан үшін сән-салтанатымен аяқталды. Қа­зақ­стан бұл Ойындарда алтын медальдан рекорд орнатты. Қа­зақ­стан бар­лығы 70 медаль же­ңіп алды, соның 32-сі алтын!
Атақты қазақстандық спорт­шылар мен атлеттер Олимпиаданы Алматыда өткізу туралы өз­дерінің пікірін білдіру­де. Атап айтқанда, олимпиада чемпионы, бүгінде Қазақ­стан Республикасы Парламен­ті мә­­жі­­лі­сінің депутаты Ольга Ши­шигина қысқы Олимпиада–2022 Қазақстанға, мұ­ның алдындағы Ресейдегі ойындарға қарағанда арзанға түсетіндігі туралы ойымен бөлісті.
– Қысқы Олимпиадаға бізге бірнеше спорт нысандарын салуға тура келеді, соның ішінде ең қымбат жоба шана-бобслей трассасы болғалы тұр. Маңызды деген көптеген об­ъек­тілер 2017 жылғы Уни­версиа­даға дейін салынып бі­теді, олар – мұз айдыны сарайы, олим­пиадалық қалашық, – де­ді Ольга Шишигина.
Сонымен бірге, осыған байланысты беделді сарап­шы­лар­дың пікірлерін де жоқ­қа шығаруға болмайды. Өз­де­рі­ңізге белгілі, Ойындарды өткізу орасан зор эко­но­ми­ка­лық шығындарды талап ететі­нін ескеріп, Норвегия Олимпиада–2022 өткізуден бас тартты. Ресейдің қысқы Олимпиада жобасына 50 млн. АҚШ доллар жұмсағаны ешкімге жасырын емес, себебі Сочи-2014 жаңадан салынды.
Бірақ біздің жағдайымыз­да көптеген объектілердің 2011 жыл­ғы қысқы Азиадаға арнап са­лын­ғанын ескеруіміз қа­жет. Олай болса, Олимпиада өт­кі­зу құ­қы­ғын алған жағдайда, Қа­зақ­стан өзінде жоқ нысандарды ғана салады, қолда бар спорт ғимараттары мен нысандарды жаңалайды. Қаржы­дан бас­қа бұл жерде тағы бір үл­кен сұрақ әлемнің дамы­ған отыз­дығына енуге ұм­тыл­ған жас тәуелсіз мемле­кет­тің абыройы мен беделі таразы басында тұр. Мұн­дай тамаша мүм­кін­дік­тен біз оңайлықпен бас тарта алмаймыз. Ол үшін бізде саяси жағынан да, экономика­лық тұрғыда да барлық жағ­дай­лар бар.

Жауап қалдыру