Қазақстан үздік үштікте

0
59

Қырғызстанда өтіп жатқан ІІІ Дүниежүзілік көш­пенді­лер ойындарында Қазақстан құрамасы жал­пыкомандалық есепте 44 медальмен 3-орында келеді. Оның 11-і алтын, 15-і күміс, 18-і қола. Төртінші жарыс күнінде қазақстандық спорт­шылар 6 күміс, 3 қола иеленді.
Қырғыз күресінен Мұха­мед­жанов Әлішер (55кг), Берекетов Мейіржан (60кг), Станеев Леонид (84кг), Қалиев Арман (96кг) күміс медаль иеленді. 66 келіде өнер көрсеткен Қырғызбаев Ғұмар қола медаль иеленді. Мангала спортынан ерлер арасында командалық есепте Қазақстан құрамасы күміс медаль алды. Әйелдер арасында да Қазақстан еншісінде күміс медаль. Жекелей есепте қола медальді Базаралиева Гүлнұр алды. Ерлер арасында жекелей есепте Шотаев Мақсат та қола медальді иеленді.
Сонымен қатар, көкпар­шыларымыз алғашқы ойынын Ресейдің Красноярск өлкесінен келген командамен өткізіп, 15-3 есебімен жең­ді, екінші ойында АҚШ құра­масымен кездесіп, 20-9 есебімен аяқтады.
Биылғы дүбірлі додаға 80-нен аса мемлекеттен 2 мыңнан аса спортшы қа­тысуда. Қазақстан құрама ко­мандасының сапында 200-ге жуық спортшы бар. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 26 млн сом. Бұл – шамамен 130 млн теңге. Ашы­лу салтанаты тарихи қойы­лыммен ерекшеленді. Ойындардың басым бөлі­гі Кырчын шатқалында өту­де. Жарыс 8 қыркүйекте мә­ресіне жетеді.
Талғат ҚОЖБАНОВ

Жауап қалдыру