Қазақстан құрамасы Әзербайжанды ойсырата жеңді

0
113

Елордадағы «Астана-арена» ста­дионында өткен футболдан Қазақ­стан мен Әзербайжан құрамалары арасындағы жолдастық матчы мәресіне жетті. Нәтижесінде алаң иелері қарсыластарын 3:0 есебімен ойсырата жеңді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бірінші кезеңнің 13-інші және 15-минутында қазақстандық Роман Мұртазаев пен Серікжан Мұжыков 2 доп соқты. Ойын нүктесін 89-минутта ҚР құрамасының ойыншысы Бахтиёр Зайнутдинов қойды. Осылайша, футболшыларымыз 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Біздің құрама үшін Әзербайжан сыралғы қарсылас. Бүгінгі күнге дейін қос құрама сегіз мәрте кездесті. Жолдастық кездесуде үш мәрте ойнаса, бір мәрте Шымкент қаласында өткен халықаралық турнирде доп тепті. Сондай-ақ іріктеу кезеңінде 4 ойында шеберлік байқасты. Қазақстан құрамасы 3 мәрте жеңіске жетсе, екі мәрте жеңілді, 2 ойында тең ойын тіркелді.
ФИФА-ның соңғы рейтингінде Қазақстан 117-орында тұрса, Әзер­байжан 126-орынға жайғасқан.
Үстіміздегі жылы болгар маманы Станимир Стоилов жетекшілігімен біздің құрама 3 ойын өткізіп, оның 2-де жеңіске жетті.

Мұхтар ЖӘМІШЖАНОВ

Жауап қалдыру