Арманы асқақ Сұлтан

0
137

Спорттың бокс сияқ­ты батылдықты, күш-жігерді қажет ететін түрлерінен қазақ бала­лары қашаннан мықты. Аты­нан ат үркер шаршы алаң шеберлерінің жо­лын қуушы жас спорт­шылар да аз емес. Со­лар­дың бірі – Сұлтан Қайырбек бүгінде оқу мен спортты қатар алып келеді.
Сұлтан былғары қол­ғапты алғаш 9 жасында киіпті. Содан бері өзінің туған жері Алматы облы­сы Талғар ауданы Бес­ағаш ауы­лының абы­ройын елішілік жа­рыс­тарда абыроймен қор­ғау­да. Бүгінде Тұ­ран уни­верситетінің 2 кур­­сында оқиды. Сабақ үл­герімі де жақсы.
Былтыр Алматы об­лы­сының үздік 16 бокс­шысының басын қосқан тұңғыш спорттық «Patriot Qazaqstan» реалити шоуына қатысты. Өзінің спорт шебері атағымен тоқ­тап қалуды еш қала­майды. Арманы алдымен ұлттық құрамаға кіріп, әлем, олимпиада чемпионы атану, көк байрақты көкке көтеру. Осы жолда талмай ең­бектену қажет­тігін жүре­гімен түсінеді.

Қайрат МАРАТ.

Жауап қалдыру