Айқасқа тас-түйін дайынбыз

0
23

Ертең «Сарыарқа» вело­трегінде «ЭКСПО-2017» көр­месі аясында қазақ­стандық кәсіпқой боксшы­лардың қа­ты­­суымен үлкен бокс кеші өте­ді. Бокс кешінің басты оқиғасында отандасымыз Қа­нат Ислам мен (24-0, 19 КО) канадалық Брэндон Кук (18-0, 11 КО) қолғап түйістірмек. Боксшылар бі­рін­ші орта салмақтағы IBF ти­ту­лына үміткерлікке таласады.
6 қыркүйек күні өткен кеңейтілген баспасөз мәс­лихатында Қанат Ислам жек­пе-жекке дайын екенін айт­ты.
– Тәуелсіз елдің ер-азаматтары ел намысын қорғағалы отырмыз. Мақсатымыз – тек қана еліміздің абыройын көтеру, елге жеңіс сыйлау, қазақ ұлтының рухының мықтылығын бүкіл әлемге көр­сете білу. Айқасқа тас-түйін дайынбыз. – деді жерлесіміз.
Сондай-ақ осы жекпе-жектің андеркартында қазақ­стандық 8 боксшы шаршы алаңға шығады. Олар: Жан­қош Тұраров (21-0, 15 КО), Жәнібек Әлімханұлы (1-0, 1 КО), Мейірім Нұрсұлтанов (3-0, 2 КО), Руслан Мырсатаев (3-0, 3 КО), Әли Ахмедов (7-0, 5 КО), Айдос Ербосынұлы (6-0, 6 КО), Димаш Ниязов (11-0-3, 5 КО) және Нұрсұлтан

Жаңабаев Аян БЕКЕНҰЛЫ

Жауап қалдыру