Ұжымның ұйымшылдығы – әрекетінен

0
40

Қазақстанымыздың көп этносты бауырмал халқы әр кез бірлік пен ынтымақты ту етіп отыр. Ізденіс пен қа­жыр­лық­ты қанат еткен олар әр салада лайық­ты үлесін қосып ке­ле­ді. Ел іргесінің берік, көк туы­мыз­дың ұдайы желбіреп тұруы үшін бар­лық игі мүмкіндіктер пай­да­ла­нылу үстінде. Жігітке айтыла­тын «сегіз қырлы, бір сырлы болу» парызы бұл күнде үл­кен ең­бек ұжымдарына да қатыс­ты болып отыр.
Осындай үлкен ұжым­ның бі­рі «Қорғас – Алматы» бағ­дар­ла­ма­сы бойынша тартылып жат­қан ха­лық­аралық үл­кен ав­то­жол­ға заманауи кө­пір­лер салумен айналысатын Евро­Азия­лық «EVRSCON» құ­ры­лыс корпорациясы ашық ак­цио­нер­лік қоғамының Қы­зыл­ор­да филиалы. Филиал­дың бас­қа­ру орталығы Панфилов ау­да­ны­ның Құндызды айма­ғына ор­на­ласқан. Бұл ұжымда бес жүз­ден астам маман мен жұ­мыс­шы еңбек етуде. Оның 95 пайызы Панфилов ауданы­ның ең­бек­кер­ле­рі. Ұжым мү­ше­ле­рі алда өте­тін Президент сайлауы­на бір ой, бір пікір, бір байламмен келге­лі отыр. Олардың асыл ойы – қолға алынған игі бастамалар, мемлекеттік бағ­дар­ла­ма­лар, Қа­зақ­стан­ды әлем­нің дамыған 30 елі­нің қа­та­ры­на қосу туралы стра­те­гия­лық бағ­дарламалар жүзеге асу­ға тиіс. «Сон­дық­тан бұл ба­ғыт-бағ­дар­ла­ма­лар­дың жүзеге асуына мүм­кін­дік берілуге тиіс. Қа­зір­гі Пре­зиден­тіміз – Нұр­сұл­тан Әбіш­ұлы Назарбаев ха­лық­тың сүйіспеншілігіне бөленген тұл­ға. Еліміздің өркенде­ге­ні, гүл­ден­гені, халқымыздың әл-ауқа­ты­ның жақ­сар­ға­ны, ты­ныш­тық­тың тұ­рақ­ты болуы, мәң­гі­лік елі­міз­дің дүние­жү­зі­не танылуы Н. Ә. На­зар­баев­тың кө­ре­ген де кемеңгер бас­шы­лы­ғы­ның арқасы. Біз өз келеше­гі­міз­ге дауыс береміз!» – бұл ең­бек­қор үл­кен ұжым­ның берік байламы.
Павел ГРАСМИК,
ЕвроАзиялық «EVRSCON» құрылыс корпорациясы ашық акционерлік қоғамының Қызылорда филиалының «Қорғас — Алматы» бағдарламасы бойынша бастығы.

Жауап қалдыру