Тыйым салынатын жайттар жария етілді

0
72

Кеше, бірқатар мемлекеттік орган қызметкерлеріне сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүр­гізуге тыйым салынады. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте комиссия хатшысы Бақыт Мелдешев мәлім етті.
«Кандидаттардың сенімді өкі­лі бола тұрып, өзінің қыз­ме­тін пайдаланып, қарамағында жұ­мыс істейтін азаматтарды үгіт жұ­мы­сына тартуға тыйым салынады. Үгіт жұмысы алдында сайлаушылармен кездесу барысында тегін тауарлар таратып, лотореялар ойнатуға да болмайды», – деді ҚР ОСК хатшысы.
Сонымен қатар оның сөзі­не қа­рағанда, үгіт жұмысын жүр­гіз­ген кезде кандидаттар өзі­нің үгіт плакаттарында еліміз­ге есі­мі бел­гілі азаматтардың су­ре­тін оның келісімімен жария етуі тиіс. Келісімі болмаған жағ­дайда мұндай плакаттардың ілі­нуі­не тыйым салынады.
«Плакатты жасаған кезде оның тө­мен жағында қан­дай қа­ра­жат­қа бас­ты­рылып, қан­дай бас­па­дан шы­ға­рыл­ға­ны көр­се­ті­луі қа­жет. Мұнан бө­лек, сайлау кү­нін­де сайлау учас­ке­сі­нің ішін­де әлеу­мет­тік сауалнама жүр­гі­зу­ге болмайды», – деді Б. Мелдешев.

Жауап қалдыру