Тауар өндірушілер тізілімі қалыптастырылды

0
105

Алматы облыстық кәсіпкер­лер палатасының алаңында бизнес қоғамдастық пен мем­лекеттік органдар өкіл­деріне «Отандық тауар өн­дірушілер тізімі» таныс­тырылды. Аталмыш тізілім Палатаның ресми сайтында taldykorgan.atameken.kz орналастырылады. Тізімде кәсіпорындар сала бойынша бөлініп, компаниялар жөнінде толық ақпарат (тарихы, тауар атаулары мен бағасы, өндіріс көлемі және т.б. қажетті мәлімет) бар.
Кәсіпкерлер палатасы ди­ректорының құқықтық мә­селелері жөніндегі орынба­сары Қанат Қабдиевтің айтуынша, Отандық тауар өнді­рушілер тізімі кәсіп­керлер мен мемлекеттік ор­ган­дар үшін ең өзекті және шынайы ақпарат көзі бо­лады. Сонымен бірге тізім кәсі­порындарды халық­аралық көр­ме-байқау, форумдар мен сауда-экономикалық миссия­лар үшін іріктеу құралы мен отандық кәсіпорындарды қолдау түрі атанбақ. Кәсіпо­рындар жөніндегі толық мәлі­мет өткізу нарықтарын із­деу мен баға саясатын қа­лыптастыруда да маңыз­ды.
Жиын барысында Кәсіп­керлер палатасының сарап­шысы Әділ Қасқарауов қазіргі таңда тізімде құры­лыс, машина жасау мен тамақ өндірісі бойынша 100-ге тарта кәсіпорын туралы ақ­парат жарияланғанын айт­ты. Алдағы уақытта тізім туризм, ағаш өңдеу, фар­мацевтика, целлюлоза-қа­ғаз, жиһаз өнеркәсібіндегі кә­сіп­керлік субъектілерімен то­лыға түседі.
Айта кетейік, жыл басынан бері «Атамекен» Ұлт­тық кәсіпкерлер палатасы қайта өңдеу өнеркәсіп сала­сындағы 2200-ден астам кәсіпорын арасында сауалнама жүргізді, соның ішінде Алматы облысы бойынша тамақ өнеркәсібі, машина жасау, фармацевтика, құрылыс материалдарын шығару, хи­мия өнеркәсібі, жиһаз жә­не ағаш өңдеу, жеңіл өнер­кәсіп саласындағы 208 кәсі­порын­ның қызметіне талдау жасалды.
– Талдау қорытындысы бо­йын­ша, Алматы облысы кәсіпорындарының орта­ша жұмыс көптілігі 54 па­йыз­ды құрайды. Бұған өнімді тұрақты түрде өткізу нарықтарының жоқтығы себеп болып отыр. Осыған байланысты «Отандық та­уар өндірушілер тізімі» ал­дағы уақытта тапсырыс берушілер, жергілікті және шетелдік инвесторлар мен нарық өкілдері үшін шынайы ақпарат көзі қызметін орындайды, – дейді Палата сарапшысы Әділ Қасқарауов.
Аталмыш тізімді құру ма­ңыз­дылығын айта келе, бизнес пен мемлекеттік органдар өкілдері өз қызы­ғу­шылықтарын білдіріп, Кә­сіп­керлер палатасының Отан­дық тауар өндірушілер тізімін тұрақты түрде жаңар­туға, кәсіпкерлік субъектілері мен сала­ларын кеңейтуге біріккен күш салу қажеттілігін атап өтті.
Ғ. БИШАЛОВ.
Алматы облысы

Жауап қалдыру