Әскери саладағы ауыс-түйістер

0
58

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімдерімен еліміздің әскери саласындағы бірнеше қолбасшы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшы­сы­ның Өкімдерімен:
Қайдар Сәмиғұлұлы Қа­ра­­құ­лов Қазақстан Рес­пуб­ликасы Қарулы Күш­терінің Құрлық әс­кер­лері Десанттық-ша­буыл­­дау әскерлерінің қол­бас­шы­сы болып таға­йын­далды, ол «Ас­та­на» өңірлік қолбас­шы­лығы әскерлерінің қол­бас­шысы қызметінен бо­са­тыл­ды;
Дулат Темірғалиұлы Адыр­беков «Астана» өңір­лік қолбасшылығы әс­кер­лерінің қолбасшы­сы қыз­метіне;
Асқар Ахметұлы Жоламанов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Зы­мыран әскерлері мен артиллериясының қол­бас­шысы қызметіне;
Сәкен Мансұрұлы Бек­жа­нов Қазақстан Респуб­­ликасының Қарул­ы Күш­тері Әскери-те­ңіз күш­терінің бас қол­бас­­шы­сы қызметіне таға­йын­далды.
Сонымен қатар, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімдері­мен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты:
Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Рес­публикасы Қарулы Күш­терінің Құрлық әскер­лері Десанттық-шабуыл­дау әскерлерінің қол­бас­шысы қызметінен;
Лұт Сапуұлы Әлшеке­нов Қазақстан Республи­касы Қарулы Күштері Зымыран әскерлері мен артиллериясының қол­бас­шысы – Құрлық әс­кер­лері бас қолбас­шы­сының оқ атумен за­қымдау жө­нін­дегі орынба­сары қыз­метінен;
Жандарбек Сәдуұлы Жанзақов Қазақстан Рес­­пуб­­­ликасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күш­­терінің бас қол­бас­шы­с­ы қызметінен боса­тыл­д­ы.

akorda.kz

Жауап қалдыру