Сайлау алдындағы жүздесулер

0
83

Бұл күндері Парламент Мәжілісінен үміткер саяси пар­тиялардың өкілдері еліміздің барлық өңірлерінде сайлау­­шылармен кездесу жиындарын өткізіп жүр. Олар сай­лау­шы­лар алдында өздерінің партияларының алдына қойған бағ­дарламаларымен таныстырып, қалың көпшілікті толған­дырып жүрген проблемаларын шешудің жолдарын ортаға салды. Еліміздің әлемдегі 30 озық елдің қатарына енгізу бағытындағы міндеттер сараланып көрсетілді. Бұл орайда «Нұр Отан» саяси партиясының Республикалық сайлауалды штабының жұртшылықпен жүздесу жиыны Оңтүстік Қазақстан об­лысында жалғасты.

Үгіт-насихат тобын «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары, штаб жетекшісі Асқар Мырзахметов бастап келді. Арнайы сапармен келген делегация өкілдері «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» партиялық жобасы бойынша мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындармен кездесті. «Химфарм» АҚ ұжы­мымен жүздесіп, «Оңтүс­тік» индустриалды аймағында іс­ке асып жатқан жобалармен танысты. Түркістан қаласында штаб мүшелері зиялы қауым өкілдері және аймақ ақсақал­дарымен жүздесіп, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінде бол­ды. РСШ мүшелері өңір ша­руаларымен кездесіп, аймақ­тың ауылшарушылық сала­сын­дағы жетістіктер мен мүмкін­діктерді талқы­лады. Оңтүстік өңірі ауылша­руашылық өнім­дері­ бойынша республикада екінші орында. 5 жыл ішінде өндіріс көлемі 2,1 есеге (164-тен 345 млрд. теңгеге), өсімдік шаруашылығы 2,2 есеге (85-тен 185 млрд. теңгеге), мал шаруашылығы 2 есеге (78-ден 159 млрд. теңгеге) артқан.
Сонымен қатар РСШ мүше­лері «Химфарм» АҚ-да болып сайлаушылармен кез­десті. Кә­сіпорын «SANTO» атауы­мен 200-ден астам тауар түрін шығарады. Зауыттың қуат­ты­лығы жылына 1,2 млрд. таблетка және капсула, 294 млн. ампула, 6 млн инфузия, 40 млн антибиотик флакондары, 26 млн сироп өндіреді.
Шымкент қаласындағы «Оң­түстік» индустриалды айма­ғында партияның Респуб­лика­лық сайлауалды штаб деле­гациясы шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті. Бұл аймақ 2010 жылы құрылған. Мұндағы жобалар металлургия, химия және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, машина құрастыру салаларына бағытталған. Аймақта 19,8 млрд теңгені құрайтын 38 жоба жүзеге асып, 2,9 мың жаңа жұ­мыс орындары ашылған. Жал­пы, облыста 5 жылда «Биз­нестің жол картасы – 2020» бағ­дар­ламасының аясында құ­ны 473 млрд. теңге болатын 986 жоба іске қосылып, 11,3 мың адам қайта оқытылған, 14,6 мың жаңа жұмыс орны ашыл­ған.
Түркістандағы тарихи-мә­дени этнографиялық орта­лық­та партияның Республи­ка­лық сайлауалды штаб өкіл­дері ақ­са­қалдармен және зия­лы қауым өкілдерімен кез­десу өт­кізіп, еліміздің әрі қа­рай­ғы даму мәселелерін талқы­лады. Кездесуде тарихи тағ­лымы мол шаһарда туризм сала­сын дамыту мәселесі де сөз болды. Ортағасырлық біре­гей сәулеткерлік ескерткіш болып саналатын Қожа Ахмет Яссауи кесенесін көруге мұнда жылына бір миллионға жуық адам келеді.
Республикалық сайлауалды штаб өкілдері сондай-ақ Қ.А.Яс­сауи атындағы ХҚТУ сту­денттерімен және ұстаз­дары­мен кездесіп, партия бағ­дар­ламасының артық­шылық­тары туралы баяндап берді.
Дәл осындай кездесу Аты­рау облысында бірқатар кезде­су­лерге ұласты. Үгіт-насихат жұмыс­тары аясында штаб мүшелері аймақтың ақса­қал­да­рымен және еңбек ардагер­лерімен, Атырау мұнай өңдеу зауы­тының ұжымымен, мүмкін­дігі шектеулі жандардың мәсе­лерімен айналысып жүрген қоғамдық бірлестік өкілдері­мен кездесті. Сонымен қатар, штаб өкілдері өңірлік Қоғам­дық қабылдау бөлмесінің жұмы­сымен танысты. Республи­калық сайлауалды штаб өкілдері алғашқы кездесуін аймақ ақса­қалдарымен және еңбек арда­герлерімен, еңбек әулет­терінің өкідерімен өткізді. Алқалы жиын барысында ақсақалдар «Нұр Отан» партиясының сай­лауалды бағдарламасын тү­гелдей қолдады. Соның ішінде әсіресе тиімді әлеуметтік мем­лекет, тұрғындардың осал топ­тарын қолдау, еңбекпен қамту, жаңа тұрғын үй саясаты, денсаулық пен білім беруді үздік әлеуметтік стандарттарға жеткізу бағыттарын құптады.
Облыс тұрғындарын тол­ған­дыратын мәселелерді өз ауыздарынан есту үшін Респуб­ликалық сайлауалды штаб өкіл­дері аймақтық Қоғам­дық қа­был­дау бөлмесінде халық­ты қа­былдады. «Нұр Отан» нақ­ты істердің партиясы бол­ған­дықтан көтерілген мәсе­лелер­дің барлығы қараусыз қал­май­­тындығын жекізді штаб мүшелері.
Қазақстанның мұнайлы ас­танасында елде өндірілетін шикі мұнайдың 50 пайызы осында шығады және осы көрсеткіш бойынша республикада 1-ші орында тұр. Өткен жылы өзінің 70 жылдығын атап өткен өндіріс ұжымымен кездесу барысында Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі, әлемде мұнай-газ саласы басынан қиын кезді өткізіп жатқанын атап өтті. Сол себепті Қазақстан бірнеше жылдан бері шикізат саласына тəуелділіктен арылу саясатын жүргізіп келеді. Əлбетте түбегейлі бас тарту мүмкін емес, сондықтан саланы жаңғырту маңызды. «Нұр Отан» партиясы сайлауалды бағдарламасында бұл мəселе де назардан тыс қалмады.
«Нұр Отан» партиясы мүм­кіндігі шектеулі жандардың мәселелеріне көп көңіл бөледі. Партия белсенділері ондаған ауқымды жобаны жүзеге асы­рып, бірнеше игілігі зор бас­таманың басы-қасында бол­ды. Солардың қатарында орны ерекше «Кедергісіз ке­ле­шек» жобасы. Акцияның көз­дегені мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын арт­тыру. Осы және өзге де мүмкіндігі шектеулі жандарды толғандырған мәселелер үгіт-насихат тобының қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен өткен кездесу барысында айтылды.
«Нұр Отан» партиясы Рес­пуб­ликалық сайлауалды штаб өкілдерінің сайлаушылар кез­десу жиындары еліміздің барлық өңірлерінде жалғасын тап­ты. «Нұр Отан» саяси пар­тия­сының делегациясын Рес­пуб­ликалық сайлауалды штаб жетекшісі, «Нұр Отан» пар­тиясы Төрағасының бірін­ші орын­басары Асқар Мырзах­метов бастап жүрді.
Сондай-ақ, үгіт-насихат то­бы­ның құрамында ҚР Пар­ла­менті Мәжілісінің V шақы­рылымының депутаттары За­ғипа Балиева, Гүлмира Исимбаева, Майра Айсина, «Халық Қаhарманы» Бақытжан Ертаев, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Зауытбек Тұрысбеков, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіп­керлер палатасының Басқар­ма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев және т.б. танымал тұлғалар бар.

Жауап қалдыру