Озық технологиялар – заман талабы

0
82

Цифрландыру өзектілігі мен қажеттілігі уақыт өткен сайын артуда. Кәсіпорын не болмаса өндіріс цифрлық технологиясыз бәсекеге қабілетсіз болады және өнім бағасы мен сапасынан ұтылады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында ең бірінші өндіріске жаңа технологияларды енгізу маңыздылығына тоқталып өткен еді.
Сондай-ақ Елбасы бірнеше отандық кәсіпорындардың база­сында жұмысты жеңіл­детіп, әрі еңбек өнім­ділігін арттыратын жаңа инно­вациялық әдістерді жүзеге асыратын пилоттық жоба­ларды жүзеге асыру қажет екендігін жеткізді. «Бұл ретте индуст­рияландыру үде­рі­сінде жаңа техно­логиялық қалып­тың барлық жетіс­тік­терін пайдалана отырып, ба­­рынша иннова­ция­лық си­патқа басымдық беру қа­жет», – деп тапсырды Н.Ә.Назар­баев.
Бүгінде өнеркәсіп саласына цифрлық технологияны ен­гізу маңызды қадам болып отыр. Алматы қала­сының бас­шылығымен бүгінгі таң­­да Жолдауда көр­се­тілген мін­деттерді іске асы­ру мақ­сатында «Ал­ма­тыны да­мы­тудың 50 жоба-драйвері» бас­та­ма­сы қолға алынды. Бұл бас­тама аясында мега­по­листің индустриалды ай­ма­­ғында «Tokyo Rope Manufacturing» тран­сұлттық корпо­рация­сының инженерлік жүйе­лерді қорғайтын өнім шығаратын жаңа зауыты техн­икалық тұрғыда ашылды. Жоғары тех­нологиялы за­уыт Пре­зи­дентіміздің ше­тел­дік инвес­­тицияны тарту және ре­с­публика айма­ғында инно­вациялық өндіріс құру жөніндегі тап­сыр­масын орын­дау ая­сында ашыл­ды. Биыл «Алатау» инно­вация­лық тех­но­ло­гиялар паркін да­мытудың жаңа бағдар­ла­масы жа­салды. Жалпы 163 гектардан асатын эконо­ми­ка­лық аумақ­тың 50 гектардан ас­там телімі бос тұр. Ол жерде ІТ технология­лар­ды дамытып, қалаға қа­жетті жобалар жасайтын өнеркәсіптер ашу көзделген. Жалпы, Ал­матының индус­триалды ай­мағында қазіргі кезде құрылыс, фар­мацевтика, химия, тамақ және жеңіл өнеркәсібі сала­лары бойынша 40-тан астам ірі отандық және шетелдік жобалар жүзеге асырылуда.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев биылғы Жолдауында өнер­кә­сіптік кәсіпорындарға цифр­­лық технологияны енгі­зу­дің маңызды екендігін атап өткен болатын. Бұл рет­те Алматылық ғалымдар мұ­най­ды магистральдық құ­быр­­лар­мен айдауды он­лайн ре­жимінде бақылап, оңтай­­лан­дырып отыратын және мониторинг жасауға мүмкіндік беретін цифрлық технология дайындап шы­ғарды. «SmartTran» деп ата­латын бағдарлама онлайн режимінде ақпараттарды жылдам өңдеп, мұнай тасы­малын басқарып, реттеп және бақылап отырады.

Данияр
НҰРБАЕВ,
Алматы облыстық мәслихатының депутаты,
«Тәуекел газ құбыры» ЖШС-ның директоры

Жауап қалдыру