«Қорғас» трансұлттық көлік дәлізінің мүмкіндігі мол

0
21

19-қазанда Қазақстанда ресми тіркелген дипломатиялық корпустың және әлемдік БАҚ өкілдері «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА нысандары, «Алтынкөл» стансасы, Қазақстан – Қытай халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында болды (ХШЫО), деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі
АЭА-да кездесуге «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бас­шы­лығы мен ҚР Сыртқы істер минис­трі Ерлан Ыдырысов, Ал­маты облысының әкімі Аман­дық Баталов қатысты. «ҚТЖ» ҰК» АҚ салған «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА жаңа экономикалық саясат «Нұрлы жол» бағдарламасы нысандарының бірі. Прези­дент Н.Назарбаев атап өткен­дей, «Қазақстанның жаңа эко­номикалық саясатының негізі – инфрақұрылымды дамыту. «Нұр­лы Жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар экономикалық өсудің инфрақұрылымдық негізін қам­та­масыз етуге бағытталған».
Жетіген – Қорғас, Жезқазған – Бейнеу темір жол желілері, Батыс Еуропа – Батыс Қытай авто­мобиль дәлізі мен Ақтау теңіз порты, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА Қазақстанның әлемдік көлік және сауда жүйе­сіне ықпалдасуын қамта­масыз етеді.
Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, сондай-ақ Еуропа, Пар­сы шығанағы, т.б маңызды бағыттардың тоғысатын жерінде орналасқан «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА Жаңа Жібек жолы желісіндегі жүк ағындарын шоғырландыру орталығы болып табылады. Қазақстанның мультимодальдық логистикалық желісін дамытуға қолайлы мүм­кіндігі, ірі өндірістік кә­сіпорындарда және сауда жүйе­лерін ұйымдастыруда әлемдік деңгейдегі болашағы зор дис­трибуциялық орталық болып қалыптасуға әлеуеті жеткілікті.
«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-да дипломатиялық мис­сия­лардың алдында «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Қа­нат Алпысбаев сөз сөйледі. «Қа­зақстан, Еуразияның қақ орта­сында орналасып, транзиттік әлеуеттің дамуына ерекше көңіл бөледі. Бүгін, Қазақстан мен Қытай арасындағы құр­ғақ жүк дәлізі көлік-транзиттік әлеуетін арттыру мақсатында шекарада 40 млн.тоннадан жоға­ры көлемде жүк тасы­малдауға мүмкіндік беретін те­мір жол және логистикалық инфрақұрылым салынды», – деді. Сондай-ақ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ көлік және логистика қыз­меттерін ұсынуға дайын. Соң­ғы 5 жылда Қытай – Еуропа бағдарындағы транзит көлемі 17 есе өскен.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президентінің айтуы бойынша, Қазақстанда «Rail Air» сызбасы негізінде мультимодальды тасы­малдау серіктестеріміз үшін логистикалық шешімнің оң­тайлы түрі болмақ. Бұл сызба жүкті Қытайдан Қазақстанға контейнерлік пойыздар арқылы, ал Қазақстаннан Еуропаға әуе тасымалы арқылы жеткізуді қамтамасыз етеді.
Бұл күні Форум ұйым­дас­тырылды. Форумда «KTZ – Khorgos Gateway» ЖШС бас директоры Карл Гейсен ««KTZ – Khorgos Gateway» ЖШС Құрғақ порт жобасын Dubai Port World әлемдегі ірі логистикалық оператормен бірлесе жүзеге асыру» тақырыбында тұсау­ке­сер рәсімін өткізді. Ол өз сөзінде «Khorgos Gateway» Қазақстандағы алғашқы жер пор­ты, сондай-ақ Орталық Азиядағы ең ірі логистикалық парк. Құрғақ порттың жүкті қысқа мерзімде тиеу-түсіру мүмкіндігі тауарларды Жаңа Жібек жолы арқылы тез әрі тиімді тасымалдауға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.
«KTZ – Khorgos Gateway» Құрғақ порты екі ай ішінде 10 мыңнан астам ДЭФ орындады, сонымен қатар жиынтық-дана өнімдерді өңдеу жұмыстары да белсенді жүргізілуде. ЕО-тан ҚХР-ға және ҚХР-нан Еуразия континентінің нарығына автокөліктерді тасымалдау ұйымдастырылып жатыр. Жергілікті тұрғындарды жұмысқа тарту арқылы штат құрылған. Олар әлемнің көлік-логистика орталықтарында шеберліктерін шыңдауда.
Бүгінгі таңда «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА мен Ал­тынкөл стансасы арқылы транзитті контейнерлік пойыздарды өткізу туралы HewlettPackard, DBSchenker, Toyota, FESCO, BRAVIS компанияларымен ке­лісім­шартқа қол қойылған.
«Қорғас» халықаралық ше­ка­ралық ынтымақтастық орта­лығында «KTZ Express» АҚ президенті Санжар Елубаев дип­ломаттарға Қазақстан-Қы­тай арасындағы бірегей жоба­сының маңыздылығы туралы айтты. ««Қорғас» ХШЫО-ның негізгі мақсаты шекаралық, сау­да-экономикалық серіктес­тік пен Ұлы Жібек жолындағы халықаралық туризмді дамыту болып табылады. «Қорғас» ХШЫО құру халықаралық сауда мен ҚР, ҚХР аумағынан визасыз өту арқылы туристік индустрияны дамытуға, сауда шарттарын жасасуға қосымша мүмкіндік береді».
«Қорғас» ХШЫО-да экспорт-импорттық сауда операциялары мен контрактілі логистика бойынша 5 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жұмыстары басталды. Тағы 10 жоба қарастырылып жатыр. Жобаларды инвестициялаудың жалпы көлемі 300 млн.долларды құрайды.
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ салған «Қорғас – Шығыс қақ­пасы» АЭА ірі жобасы Қазақс­танның транзиттік-көлік әлеуе­тін дамытуға зор серпін береді және Жаңа Жібек жолы экономикалық белдеуінің қа­лып­тасуына өз ықпалын тигізетін нысан болмақ.

Жауап қалдыру