Үміткерлер бас қосты

0
109

Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктері активінің кеңесі өтті. Кеңес шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа үміткерлер, республикалық, қалалық этномәдени бірлестіктердің басшылары және өкілдері Қазақстандағы саяси мәселелерді шешуде ҚХА-ның атқарар рөлін талқылады.
«Алматы тек тәуелсіздіктің тал бесігі емес, Қазақстан халықтар ассамблеясының тал бесігі. Дәл осы арада 20 жыл бұрын ҚХА 1-сессиясы өткен болатын. Бұл бүкіл әлемде болып көрмеген саяси шешім. Көпэтностық елдерде қоғамдық келісім мәселесін шешу үшін қазақстандық модель пайдаланылады. Осы мо­дель адамзат алдында ерек­ше бағаланады. ҚХА тө­рағасы, мемлекет басшысы ғасырлар бойы көпұлттылық мем­лекеттің кемшілігі деген постулатты қиратты. Нұрсұл­тан Назарбаев өзінің осы ҚХА құру идесы арқылы көпұлттылық мемлекеттің ар­тықшылығына айналатынын дәлелдеді. Депутаттыққа кан­ди­даттар халықтың сенімін сенімді ақтайды десем осы азаматтардың ортақ ойын білді­ремін деп ойлаймын», – ҚХА атынан Парламент мәжілі­сі депутаттығына үміткер Сауыт­бек Әбдірахманов.
Айта кету керек, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң­ға және «Қазақстан хал­қы Ас­сам­блеясы туралы» заң­ға сәй­кес 2016 жылғы 26-ақ­панда Қазақстан халқы Ас­сам­блеясының Кеңесі ҚР Парла­ментінің Мәжілісіне депутат­тыққа Қазақстан хал­қы Ас­с­амблеясынан 9 адам – «Егемен Қазақстан» рес­пуб­ликалық газеті» АҚ прези­денті, Қазақстан халқы Ас­самб­леясының мүшесі Әбді­рахманов Сауытбек, Қазақ­стан Республикасы Ішкі істер ми­нистрінің орынбасары, «Орыс, славян және казак ұйым­дары қауымдастығы» ҚБ төра­ғасының орынбасары, Қа­зақстан халқы Ассамб­лея­сы­ның мүшесі Божко Вла­димир, Қызылорда қаласы Оқушы­лар мен жасөспірімдер үйінің директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының мү­шесі Жұмаділдаева На­талья, «Қазақстан кәріс­тері қа­уым­дастығы» ҚБ тө­ра­ғасы, Қазақстан халқы Ассам­блеясының мүшесі, V шақы­рылған Қазақстан Респуб­ликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ким Роман, Алматы қаласындағы «Луйс» армян мәдениеті орталығы» ҚБ төрағасы, Қазақстан халқы Ас­самб­леясының мүшесі Ми­каелян Наринэ, «Вай­нах» ше­шен және ингуш халық­тары­ның мәдениетін дамыту қауым­дастығы» ҚБ тең төрағасы, Қазақстан халқы Ассамб­леясы Кеңесінің мүшесі, V шақы­рылған Қазақстан Респуб­ли­касы Парламенті Мәжілі­сінің депутаты Мурадов Ахмет, «Қазақстан ұйғырлары респуб­ликалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі Нұрымов Шаймардан, «Рада украинцев Казахстана» ЗТБ төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, V ша­қы­рылған Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламенті Мәжі­лісінің депутаты Тимо­щенко Юрий, «Дүнген этномә­дени орталықтарының қауым­дас­тығы» ҚБ басқарма­сының мүшесі, Қазақ­стан халқы Ас­сам­блеясы Кеңесінің мүшесі Хаха­зов Шакир үміткер болып отыр.

Жауап қалдыру