Менингококк инфекциясы бәсеңдей бастады

0
32

5 маусым күні ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жоспардағы күн тәртібінен тыс денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың менингококк инфекциясының таралуына байланысты орын алған жағдай туралы баяндамасы тыңдалды.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, Қазақстанда 2018 жылдың басынан бері менингококк инфекциясы күдігімен 593 адам жүгінген, оның ішінде 213 адам ауруханаға жатқызылған, 58 емделушіде менингококк инфек­циясының диагнозы расталған. Ауруханадан жазылып шығарылғаны – 10 адам, емделіп жатқандар саны – 35.
Менингококк инфекциясымен байланысты жағдайды тұрақтандыру үшін келесі шаралар қабылданып жатыр:
Денсаулық сақтау министрлігі жанынан күн сайын тұрақтандыру шараларын және қабылданған шараларды үйлестіретін, жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі штаб құрылды.
Менингококк инфекциясымен сыр­қат­тануды тұрақтандыру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары бекітілді.
Қарым-қатынаста болған 4136 адам анықталды, барлығына антибиотик про­фи­лактикасы курсы тағайындалды, бүгінгі күні 3438 адам курсты аяқтады, 698 адам жалғастыруда;
Мәселені қарау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бірқатар ашық мәселелерді атап өтіп, нақты тапсырмалар берді.
Біріншіден, халық арасында үрей тудыр­мау үшін, менингококк инфек­ция­сының жағдайына қатысты ақпа­рат­тық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру тапсырылды.
Екіншіден, Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдер орталықта және жергілікті жерлерде құрылған штабтардың жұмыстарының толық ашықтығын қамтамасыз етуі керек.
Үшіншіден, өңірлерде 20-дан 40 мың теңгеге дейін тұратын вакцинаның жоғарғы бағасы мен вакцина салу қа­жет­тігі мәселелері. Бағаларды рет­теу мәселелерін тез арада шешу қажет.
Төртіншіден, менингококк инфекция­сының күдігімен жүгінген барлық науқас­тарға шұғыл медициналық қызмет көр­сету және олардың аумақтық тіркелуіне қарамастан қабылдау тапсырылды.

primeminister.kz

Бет қатталып жатқанда:
ҚР Денсаулық сақтау минис­трлігінің Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Қазақстанда менингитпен ауру көрсеткіші төмендей бастағанын айтты. «Аурудың беті қайтты», – деді ол.

Жауап қалдыру