Мемлекеттік қызметтерге мониторинг жүргізілді

0
101

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау мен баға­лауды іске асыру жөніндегі Республикалық арнайы мо­ниторингтік топ мүше­лері Соловьева Айгүл Са­ға­дибекқызы, Ырза Тұр­сын­зада және Мемлекет­тік қызмет істері және сы­байлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігінің өкіл­дері Арман Бердалин, Равиль Тюлебаев, Айбол Қоз­бағаров жұмыс тобымен Атырау облысында бол­ды.

Үш күн ішінде жұмыс тобы қызмет көрсету орта­лық­тары мен бірқатар мем­лекеттік органдарының ха­лыққа көрсетілетін мем­ле­кеттік қызметтердің сапасын тексерді, сонымен қатар, аудан активтерімен кез­де­сулер және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы мә­дениетті қалып­тастыруға ба­­ғыт­тал­ған іс-шаралар өткізді.
Жұмыс тобы алғаш­қы күндері Атырау облысы Жылыой ауданы­ның Жұмыспен қамту орталы­ғын, Махамбет ауданының халыққа қызмет көрсету орталығының, Индер ауда­­нының орталық емхана­сының қызметімен танысты және мемлекеттік қызметтердің сапасына мониторинг жүргізіп, тұр­ғын­дардың қызметтер са­пасы туралы пікірлерін тыңдады.
Сондай-ақ облыстың бар­лық мемлекеттік орган басшылары және қала, аудан әкімдері, әдеп жөніндегі уәкіл­дерінің, квазимем­ле­кет­тік сектор субьектілері, үкі­меттік емес ұйым өкіл­дері­нің қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында жергілікті мемлекеттік орган­дардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты қызметіне бағалау беріліп, облыс бойынша арнайы мониторингтік топтың жұ­мыс қорытындысы тал­қы­ланды. Атырау облысы бойынша арнайы мониторингтік топтың жетекшісі Абдолов Амангелдінің айтуынша, жоспарға сәйкес 3 мемлекеттік органдарда және 1 квазимемлекеттік секторда сыбайлас жем­қорлық тәуекелдеріне сырт­қы талдау жүргізіліп, нә­ти­жесінде барлығы «135» кемшілік табылған. Оның ішінде, мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша, норматив­тік құ­қық­тық актілерінде қа­ра­м­а-қайшылықтар жә­не әкімшілік кедергілер анық­талып, оларды жою бо­­йынша «38» ұсыныс бе­рілді, бүгінгі күнге дейін бар­лық ұсыныстар орын­дал­­ған.

Бұлардан бөлек, Атырау облысының мемлекеттік кіріс­тер департаментінде, Халық­қа қызмет көрсету орта­лы­ғында, 7-ші емханада және Ішкі істер депар­таментінде мониторинг жұ­мыстарының өткізілген­ді­гін атап өту керек.
Айтылғандарға қоса, бі­лім беру саласында сыбай­лас жемқорлыққа қарсы мә­дениетті қалыптас­тыру мақ­сатында Атырау облысы «Атырау мұнай-газ» университетінің студенттерімен еркін форматта пікірталас өтті. Пікірталас бары­сында студенттер та­ра­пынан «Қоғамдағы сы­бай­лас жемқорлық дең­гейі қандай?», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар нәтиже беріп жатыр ма?», «Пара алған және берген адам бірдей жазалана ма?» және т.б тақырыпта сұрақтар қойылып, оларға агенттік өкілі Арман Бердалин толық жауап берді.
Сапар соңында респуб­ли­калық арнайы мониторинг топ мүшелері мен агенттік өкілдері Атырау облы­сы­ның мемлекеттік орган­дарын­дағы қызмет көрсету сапасына оң баға­сын беріп, анықталған кем­шіліктерді жою жөнінде тапсырма берді.

Мақсат АМАНГЕЛДІ

Жауап қалдыру