Әлеуметтік жобалар –келешек қамы

0
118

Кез келген елдің табысты, саяси тұрғыдан мықты болуы мемлекеттің әлеуметтік саясатына тығыз байланысты. Өйткені мемлекеттің негізін құрайтын әрбір шаңырақтың, әрбір тұрғынның әл-аухаты, жұмысы, тұрғын үйі, кәсібі болса ғана ол ертеңіне сенімді болады, мемлекетіне адал еңбек етеді.
Жалпы, еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап мемлекет­тің әлеуметтік саясатына баса назар аударылып келеді. Бәріміз жақсы білетін, Қазақстанның дамуына бағыт берген – 1997 жылғы «Қазақстан – 2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-аухатының артуы» Жолдауында Президент елдің барлық күштерін біріктіріп, «қазір қайда тұрмыз? ертең қай жерде боламыз? ол өзімізге ғана қатысты» деп дамудың жолын айқындап берген еді. Халықтың бірлігінің арқа­сында қандай қиын­шылықтар болса да, елдің бірлігі, мақсаттың айқын­дығы арқылы біз «Қазақстан – 2030» Стратегиясын мерзімінен бұ­рын орындап, бәсекеге қа­білетті 50 елдің қатарына қосылдық. Осы аталған Жолдаудың өзінде Елбасы 7 негізгі бағытты анықтады және қазіргі уақыт осы бағыттардың бәрінің де өзектілігін дәлелдеді.
Елбасы жариялаған «5 әлеуметтік бастама» Үн­деуі қалыпты саясаттың логикалық жалғасы екенін байқаймыз. Жоғарыда атап өткен стратегиядағы 4-басымдықта қазақ­стан­дықтардың денсаулығы, білімі, әл-ауқаты аталып өтті. Қандай мемлекет болмасын оның ішкі саясаты әлеуметтік саясатқа, демек халықтың әл-ауқатына арналады. Тәуелсіздік алғанда Қазақстан өзін әлеу­меттік бағдарлы на­рықтық экономикалы мық­ты мемлекет құру мінде­тін басым бағытқа алды. Аталған бағыт Мемле­кет басшысының жыл са­йынғы Жолдауларында нақ­тыланып, жаңа бағыт­тар мен міндеттер алынып отыр­ды. 2006 жылғы Бәсе­кеге қабілетті 50 мем­ле­кеттің құрамына ену мәселесінде де үшінші басым­дықты «халықтың не­ғұрлым әлжуаз топтарын қорғайтын және эко­но­миканың дамуына қолдау көрсететін осы за­манғы әлеуметтік саясат» ретінде атап өткен еді.
2014 жылғы қаңтардағы Жол­дауда «Қазақстан жолы – 2050». Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» елі­міздің дамыған 30 мем­лекеттің қатарына қосы­луға жұмылдырды.
Байқап отырғаны­мыз­дай, Мемлекет басшысы­ның қай жолдауында да әлеуметтік салаға басым­дық беріледі және өзгерген экономикалық жағ­дайға, қол жеткізген бе­лес­терге орай әлеу­меттік сая­сат­тың индикатор­лары өзгеріп отыра­ды. Олар­дың бә­рі­нен эко­но­ми­калық да­муды, қаржы­лық мүмкін­дік­терді, инвес­тициялық жағдайды, елдегі ахуалды ескере отырып, адамның қажеттіліктерін ескеріп анықталатын эволюцияны көреміз. Яғни, әлеуметтік саясат қолға алған жоспарды орындай алатындай, межеге жететіндей өлшем­дермен сипатталады. Халықтың санының өсуі, қа­жеттіліктің артуы, эконо­микадағы мүмкін­діктер, адам капиталын жақсарту тұрғысынан алынған.
Тәуелсіздік алғаннан бер­гі 27 жылдың ішінде еліміз әлемдік тарих­тың, дүниежүзілік қауым­дас­тықтың бір құрам­дас бөлігі ретінде әлемнің басқа да мемлекеттері сияқты қар­жы-эконо­микалық қиын­дықтарды басынан кешірді. Бәрімізге де оңай тимеген инфляциялар өтті. Мемлекеттік саясаттың дұрыс­тығы, халықтың бірлігі мен тұтастығы қиын­дық­тарды жеңуге көмек­тесуде.
Жоғары да атап өткендей, 2018 жылдың наурызында Мемлекет басшысы «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» Үндеуін жариялады. Елбасы «бұл мәселелер менің көкейімде көптен жүрген ойлар еді, бірақ еліміздің нығайып, қаржы жинап, қуатты елге айналуын күттім» деді. Тәуелсіздіктің ширек ғасырында қазақстандық қоғамда әлеуметтік бірлікті нығайтатын кез келіп жетті. Ол – ауқымды әлеуметтік жобалар арқылы іске асырылмақ және ол мемлекеттің қолға алуымен жүзеге аспақ. Елбасы үнемі айтатын «Қазақстан – ортақ үйіміз» деген нақыл сөзі, бұл жәй сөз емес, Қазақстан болмаса біз кімбіз? Әрқайсымыздың «Мен» деген меніміз Қазақстан болғанда ғана салмағы бар сөз. Демек, біз ортақ үйіміз идеясын жаңа мазмұнмен толықтыра түсуге тиіспіз. Президенттің бес әлеуметтік бастамасы өткен жылы жарияланған «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасымен де етене байланысты. Мемлекет басшысы өз бастамасы туралы «Бірден айтайын: бүгін айтылатын ұсыныстың бәрі – есеп-қисабы мұқият жа­салған бағдарлама» деді. Демек, алдын-ала жос­парланып, қаражаты, іске асыру механизмі, күті­летін нәтижелері нақты сара­ланған жоба деп айта аламыз.
Президент 5 жаңа баста­маны айтқанда бұрыннан айтылған міндеттерді ұмыт­паймыз, оның ішін­де 2018 жылы білім берудің жаңар­тылған мазмұ­нына көшкен мұғалім­дердің жалақысын 30 пайызға өсіру, (жалпы мұғалімдердің 68 па­йы­зын қамтиды, тест тапсырғаннан кейін лауа­зым­дық жалақысы қосым­ша 50 пайызға өсетін болады). Сонымен бірге бюджет қызметкерлеріне жалақы төлеуді жаңа жүйеге көшіру, ол білім беруде жалақыны 29 пайызға, ден­саулық сақ­тауда 28 пайызға, әлеу­меттік сала қызмет­кер­лерінде 40 пайызға, сту­денттер стипендия­сын 25 пайызға өсіруге мүм­кін­дік береді. Және де ба­залық зейнатақыны өсіру. Міне, бұл міндеттер өз күшін жоймайды.
Президенттің бес әлеу­мет­тік бастамасы қан­дай бағыттарды қамти­ды? Алдымен – баспана. Қазақ айтады «үй болмай – күй болмайды» деп. Сондықтан бірінші бастама «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру». Жалпы, бұған дейінде мемлекет баспана мәселесін шешуге аз жұмыс жасаған жоқ. Ол өзіміз білетін, біздің аймақта тиімді іске асып келе жатқан арендалық тұр­ғын үй, мемлекеттің 2006-2009 жылдары жүр­гіз­ген ипотекалық бағ­дар­ла­масы, «Нұрлы жер» бағ­дарламасы, «Мемле­кеттік тұрғын үй жинақ банкі» арқылы баспана алу тағы басқалары.
Осы жер­дегі біразымыз осы бағдар­ламаның игілігін көріп келе­міз деп анық айта аламын. Олардың қатарында өзім де бармын.


Дегенмен, халықтың ке­йін­гі жылдардағы демог­ра­фиялық жоғары көр­сеткіштерін ескере отырып, баспанамен қамтудың жаңа тетіктері қажет бол­ды. Президент қазір бәрі­міз естіген «7-20-25» бағдар­ламасын ұсынды. Жақын­да ғана Үкімет «бағдар­лама ағымдағы жылдың қыркүйегінен қалмай жұ­мысын бастау керек» деп мәлімдеді. Несие беру­дің жоғары шегін де межеледі. Мысалы, Атырау қаласында 25 млн теңге. Демек, баспанаға зәру мыңдаған жерлестеріміздің арманы орындалып, баспаналы болады деген сөз.
Екінші бастама – «Жала­қысы төмен жұмыс­шылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту». Президент «жалақысы төмен азаматтарды қолдау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық жүктемесін 10 пайызға азайтып, 1 пайыздық са­лық салуды ұсынамын» деді. Салықты төмендету нәти­жесінде алынған қар­жыны жалақыны көбей­туге жұмсаған жағдай­да 2 млн-ға дейін қазақ­стандықтардың жалақы деңгейін көтеруге жағдай жасалады екен.
Президенттің үшінші бастамасы – «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту». Тал­дауларға қарағанда, елімізде 500 мыңнан астам жас оқу орындарында оқып жатыр. Олардың 30 пайызы білім грантымен оқиды. Бірақ, қазір жоғары білім алуға барлық қазақ­стандықтардың мүмкіндігі бар ма? Сөздің шыны керек. Көбіміздің балаларымыз коммерциялық негізде білім алуда. Ақшасын төлей алмайтындар қаншама? Президент «жоғары білімнің сапасын арттыру және қолжетімді болуы үшін биыл бұрыннан бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлу керек» деп атап өтті. Бұл гранттар экономикаға керекті мамандар дайындау үшін маңызды.
Өздеріңіз білетіндей, биылғы Жолдау «Төртінші өнеркәсіптік революциялық жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» аталды. Ғылым мен техника асқан шапшаңдықпен дамуда. Болашақтың маман­ды­қ­тары пайда болуда. Осы жағдайда әлемдік қарқын­нан қалып қоймау үшін бізге сапалы мамандар керек. Сапалы маман­дарды мемлекет есебінен оқытып, қолдау арқылы дайындай аламыз. Бұрынғы оқу жүйесі, ескі көзқараспен сапалы маман дайындай алмаймыз. Сондықтан да білім берудің жаңа мазмұнына көшіп отырмыз. Бұл оңай жұмыс емес, ол үшін өзіміз де жаңа мазмұнға, жаңа сатыға көшуіміз қажет. Қандай қоғамда да дамуды алға апаратын сапалы адами капитал. Жоғары білімнің қол жетімділігі адам ресурсына инвестиция, демек, дамуға келешекке инвестиция.
Тағы да айта кетсем, Үшінші бастамада Президент жоғары білім беретін жүйені әлемдік стандартқа сәйкес­тендіруді, студент­тердің тұратын жерлерін, жатақханалары мәселесін көтерді. Жатақхана мәсе­лесін шешуде университеттер, колледждер, компаниялар, мемлекет пен жекеменшік бірлескен серіктестікті дамытуды ұсынды: «2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсырамын».
Осы арада мен Атырау университетінің оқыту­шысы ретінде, Президент көтерген мәселе шынында да өзекті екендігін атап өтемін. Бұрынғы жылдары жатақханалар жеткілікті болса, қазіргі таңда студенттер үйіндегі жағдайдың жақсаруы, оның үстіне өзге облыстардан келген жастардың көбеюі есебінен жатақхана тапшылығы алдағы уақытта сезіле бастайды. Әлеуметтік бастамада күн тәртібіндегі бұл тақырыптың алдын-ала ұсынылғандығы қуантады.
Келесі, яғни төртінші әлеуметтік бастама – Шағын несие беруді көбейту. Кәсіпкерлікті дамыту елдегі жұмыссыздықты жоюдың тиімді жолы. Өткен жылы 7200 шағын несие берілген екен. Бірақ әлеуметтік қолдау арқылы «Бастау бизнес» жобасымен оқыған 5000 адам кәсібін бастауға несие ала алмаған. Соған байланысты Президент 2018 жылы қосымша 20 млрд теңге бөліп, 62 млрд-қа көбейтуді тапсырды. Бұл шағын кәсібін бастауға тағыда мыңдаған адамдарға мүмкіндік беретін болады.
Бесінші бастама – газбен қамтамасыз ету. Бұл біздің облысымыз үшін аса бір күрделі мәселе болмағанымен, еліміздің солтүстік, орталық өңірлері үшін, Астана қаласы үшін аса маңызды мәселе. Елімізді газдандыру көп­теген жағдайлардың оңтайлы шешілуіне ықпал етеді. Оның ішінде экология мәселесі.
Президент елдің тұрмыс жағдайын жақсартуға ар­нал­ған осындай 5 әлеу­меттік бастама ұсын­ды. Оны жүзеге асыруға, жан-жақты талдауға, механизмдерін қарауға Үкіметке, Ұлттық банкке тапсырмалар берді. Президент «Халық пен бизнес өкілдерінің арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу де маңызды. «Нұр Отан» партиясы халқымыз үшін айрықша маңызы бар осы шаралардың тиянақты орындалуын бақылауға алады» деген болатын.
Мемлекет басшысы өзінің бес әлеуметтік бас­тама­сын «Іске сәт» деген сөздермен аяқтады, демек біз де «іске сәт» деп, нақты жұмысымызбен дә­лелдейміз деп сенемін.

Гүлфайруз ҚАЙЫРҒАЛИЕВА,
тарих ғылымдарының кандидаты,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің деканы

 

Жауап қалдыру