Кептеліс болмауы керек

0
57

Кеше Парламент Сенаты­ның жалпы отырысында сенатор Қуа­ныш Айтаханов Қазақ-өзбек шек­арасында кептеліс болмауы ке­рек­тігі туралы мәселе көтер­ді.
Еске салайық, жиында «2000 жылғы 7-шiлдедегi Қа­зақ­стан Республикасының Үкi­ме­тi мен Өз­бек­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкi­ме­тi ара­сын­дағы Азамат­тар­дың өзара са­пар­ла­ры­ның шарттары туралы келi­сiм­ге өз­ге­рiс­тер мен толықты­ру­лар енгiзу туралы хаттаманы ратифика­ция­лау туралы» заң жобасы тал­қы­ла­нып, қабылдан­ған болатын.
«Қазақстанның шекарасынан Өзбекстанға қарай азаматтар еш кедергісіз өтеді. Өйткені, өткізу пунктінде 5-6 «терезе» жұмыс істейді, мөр басылып, төлқұжат тек­се­рі­леді де азаматтар өте береді. Алайда, Өзбекстан жа­ғы­на келгенде біздің азаматтар ең азы 3–4 сағат, тіпті жарты күн бойы тұрып қалады. Оларда бір ға­на «терезе» жұмыс істей­ді. Әл­бетте, бұл Өзбекстанның өз шаруасы шығар. Алайда Сырт­қы істер министрлі­гі ар­қы­лы көр­ші­лес мемлекеттің құ­зы­рет­ті органымен бұл мә­се­лені ше­шу­ге күш салынса игі», – дейді сенатор.
Оның айтуынша, шекарадан өтуге кедергілер келтірмеу, оны азайту екі елдің азаматтары үшін де үлкен сұранысты тудырып отыр.
Ал қабылданған заңның қо­сым­ша­ларын­да азамат­тар­дың екі ел аумағында кіруі, шы­ғуы жә­не болуы үшін құ­жат­тар тіз­бе­сі бе­кі­тіл­ген. Қо­сымша құ­жат­тар тізбесі­не дип­ло­ма­тия­лық паспорт, Өз­бек­стан аза­ма­ты­ның био­мет­рия­лық паспорты, Өзбекстан Рес­пуб­ли­ка­сының 16 жас­қа тол­мағ­ан аза­мат­тарының куә­лі­гі, қай­тып ора­лу­ға арналған сертификат қо­сыл­ды.

Жауап қалдыру