Кәсіпкердің жер теліміне қолы жетті

0
144

Елдегі аграрлық аймақтардың бірі – Алматы облысы. Мұнда ауылшаруашылығымен айна­лысып, содан нәпақасын табамын деген тұр­ғындар жеткілікті. Алайда, жергілікті билік органдары шаруақожалығын ашуға ниет білдір­гендердің мәселесін сөзбұйдалыққа салып, созып жіберетіні бар. Бүгінгі күні осын­дай жағдайларды болдырмаудың алдын алуда Алматы облысы Кәсіпкерлер пала­тасы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес іскерлік танытуда.
Жуырда Көксу ауданын­дағы «Ая» шаруақожа­лы­ғының басшысы Нұртас Жақұпбеков төрт жылдан кейін өзіне заң жүзінде тиесілі жеріне қол жеткізді.
– Бұл мәселе Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлердің құ­қығын қорғау және сыбай­лас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл жөніндегі кеңесте жан-жақты қарал­ған­нан кейін «Ая» шаруа­қожалығына жаңа жер учаскесі берілді, – деді аудан әкімінің орынбасары Нұрдәулет Кененбаев.
Айта кету керек, фермер Көксу ауданы әкімдігі шенділерінің әрекеті мен жауапсыздығы салдарынан 2015 жылдан бері өзінің жер учаскесін пайдалана алмай келген.
Олар қажетті құжаттар­дың барына қарамастан, әкімдіктің жауапты мамандары жер учаскесінің шекарасын белгілеу бойын­ша шараларды қолға алма­ған. Кейін анықтал­ғандай, жер учаскесі ескі үлгідегі карта бойынша берілген. Сонымен бірге, кәсіпкер тиесілі учаскесінің аума­ғында коммуникация жү­йе­лері жүргізілген болып шықты.
Осыдан кейін Кеңес мүшелері жер қатынас­тары саласын­дағы бұ­зу­шы­­лықтарды тізіп, кәсіп­кер шағымын Мемле­кет­тік қызмет және сы­байлас жемқорлыққа қар­­сы іс-қимыл жөніндегі облыстық департаментіне тағы бір қайтара жолдау туралы ұсыныс берді.
– Мұнда жер мәселесі, соның ішінде учаскелерді беру, рәсімдеу өзекті мәселе болып тұр. Оны шешу үшін жергілікті атқарушы орган үшін де, кәсіпкер үшін де қол­же­тімді болатын жер учаске­лерінің онлайн гео­кар­тасы қажет. Біз учаскелерді бөлу кезінде ашық­тық­ты орнатып, түрлі жер конкурстары мен аукцион­дар­дың барынша көп ұйымдастырылуын қамта­ма­сыз етуіміз тиіс, – деп. атап өтті Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Баниямин Файзулин.

Диас БЕЙСЕНБЕК.
Талдықорған қаласы

Жауап қалдыру