Іргеміз бекіп, қауіпсіздігіміз күшеюде

0
104

Қазақстан Рес­пуб­ликасының келесі жыл­­дан бастап Азия мем­­лекеттері тобының өкі­лі ретінде Біріккен Ұлт­тар Ұйымы Қауіп­сіз­дік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға уа­қытша мүшесі бо­лып сайлануы тарихта қалар кезекті елеулі оқиға болмақ. Мұны, бірінші кезекте, Қазақстанның әлемдік саясаттағы беделінің бір жемісі деп те бағалаймыз.
БҰҰ – бірінші кезекте бейбітшілікті қолдаушы ұйым. Әрбір елдің саяси тұрақтылығын, бірлігін бағалайды. Биылғы Елбасы АҚШ-та өткен төртінші антиядролық жаһандық сам­миттегі манифесінде көптеген мәселелерді қозғады. Жетісу жұрты да Елбасының әрбір Жолдауын, жаңашыл рефор­ма­ларын қолдайды. Еліміздің әлем­дегі қарусыздану саясатының этало­ны болғанын, Семей ядролық полигонын жабу, ядролық қару­дан өз еркімен бас тарту сияқ­ты бас­та­машыл бейбітшіл идея­лары халық­аралық қоғам­дастықта қолдауға ие екенін өте жақсы біледі.
Елі­міз­дің Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шара­ла­ры жөніндегі кеңес шақыру ту­ралы бастамасы, Еуро­п­а­дағы қауіпсіздік жә­не ынтымақ­тас­тық ұйымына төрағалық етуі, Орталық Азияда ядролық қару­дан азат аймақ құру, қауі­псіз жаңа әлем мен әді­лет­тілікке ба­ғыт­тал­ған G-global баста­масы елімізді бүкіл әлем­ге танытты. Халық­аралық қоғам­дастық­ты ядросыз әлем құруға, соғысты болдырмауға шақ­ырған АҚШ-тағы ядролық қауіп­сіздік жөнін­дегі саммитте жария­ланған Ел­басының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі БҰҰ-ның ресми құ­жатына айналғаны да бәріміз­ге белгілі. Бірлігімізді бағалап, татулығымызды жо­ғалт­­­пайық деген ұлы сөз баршаның жү­регін­де.
Олай дейтінім, Нью-Йорктегі дауыс беруге қатысқандардың арасынан 138 мемлекеттің Қа­зақ­станның кандидатурасын қол­дағаны көп жайды аң­ғартады. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болуға өтінім білдірген Қазақстанның бірден-бір бәсекелесі болған Тайланд Корольдігін 50-ден астам мемлекет қана жақтап дауыс берді.
Ерекше айтып өтер жайт – қазақ халқының төңірегіне шоғыр­ланған 130-дан астам этнос өкілдерінің ынтымағы мем­ле­­ке­тіміздің ішкі және сыртқы саясаттағы беделінің кепі­лі болып отыр. Ынтымағы ұйы­ған елімізде бейбітшіліктің беріктігі – соның жарқын дәлелі. Қалай десек те, бұл үлкен сыннан Қазақстан тағы да мүдірмей өтті. Сыртқы істер министрі дип­ло­матиялық шебер­лік­ті көрсете алды. Бей­біт­шіліктің бе­рік­тігі біздің Талды­қор­ған қаласында да айқын көрініп тұр. Түрлі сала­лар бойын­ш­а келіп-кететін шет­ел­діктер этностар дос­тығына тән­ті болатынын өз көзімі­з­бен көріп, құлағымызбен естіп жүрміз.
Біз дамыған елдермен қарым-қатынасымызды кеңейту үстін­деміз. Мақсатымыз айқын, ол – да­мыған 30 елдің қатарына қосылу. Осы тарапта біз әлде­неше мем­ле­кеттердің жүріп өткен жолдары мен жетістіктерін сараладық. Олардың да­муын­дағы инте­грациялық ұйым­­дар­дың рөлін зер­деледік. Біз де осы ұйымдарға мүше болу­ға ұм­тыл­дық. Жетістіктері­міз де баршылық. Орталық Азия­дағы инте­грациялық ұйым­дардың көш басындамыз. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға уақытша мүшесі болып сайлан­ғанымыз, Дүниежүзілік сау­да ұйымына кіруіміз біздің әлемдік аренадағы беделімізді айқындай түседі. Дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін Елбасы басты бағдар ретінде ЭЫДҰ-ға мүше елдердің қағидаттары мен стандарттарын пайдалануды ұсынды.
Мемлекеттер дамуында мұн­дай қадамдардың орны ерекше. Кез келген мемлекет өзінің дамуында шетелдік тәжірибелерге сүйенеді. Жақсы жақтарын саралайды. Өз мемлекетіне ың­ғай­­лас­тырады және әлемдік ұс­танымдарды қолданады. Біз эко­номикамыздағы басымдықтар ретінде экспорттық әлеуетті арт­тыруға ұмтылудамыз. Ал, ол үшін әлемдік стандарттар мен қағидаттардың орны ерекше. Жақын арада Қазақстан әлемдік аренада өз орнын ойып алады деп үміттенемін. Ол – біздің арман. Ол – Елімнің арманы. Ал, армандар жолында ешқайсысымыз аянып қалмауымыз керек. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңе­сінің 2017-2018 жылдарға уақыт­ша мүшесі болу осыған жа­салған нақты қадам.
Біз, Жетісу жеріндегі зиялы қауым саясаттан тыс қалмай, дөңгеленген дүние­нің де, рес­пуб­ликамыздың ішін­­де­гі де әр өзгерісті қалт жібермей бақылап отырамыз. БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінің барлығы 15 мем­лекеттен құралғанын, оның ішін­дегі бес мемлекеттің тұ­рақты мүшесі екенін де жақсы білеміз. Ал Қазақстанның ха­лық­­аралық қоғамдастықта үлкен беделге ие болып, екі жыл­дық мерзімге бес өңірлік топтар қатарынан мүше­лікке сайланғаны еліміз үшін ерекше абырой. Қуанарлығы, ел іргесі бекіген сайын мем­лекетіміздің қауіпсіздігі де кү­шеюде.

Серікбай НҰРҒИСАЕВ,
Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің
Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы
Талдықорған қаласы

Жауап қалдыру