Инфляция өсімі 5,2%-ды құрады

0
163

3-тамызда Ақордада Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады.
Кездесу барысында Д.Ақышев Мемлекет басшысына Ұлттық банктің қазіргі қызметі, ақша-несие саясатының басты бағыт­тары туралы, сонымен қатар елдің қаржы нарығындағы ахуал туралы баяндады.
Елбасы ішкі валюта нары­ғындағы жағдайды тұрақтан­дыруды қамтамасыз ету, рес­пуб­ликаның банк жүйесін да­мыту және екінші деңгейлі банк­тер арқылы экономиканы несие­лендіру көлемін арттыру жөнінде тиісті шаралар қа­был­дау қажеттігіне назар ау­дарды.
Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, теңге бағамына байланысты жағдайға қатысты тиімді ақ­параттық-түсіндіру жұмысын жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
– Еркін айырбас бағамын енгізу туралы шешім дұрыс болды. Алайда, қазір кейбір ке­лең­­сіз жағдайлар орын алуда және оның себептерін жұртқа тү­сін­діру қажет, – деді Елбасы.
Ұлттық банктің төрағасы ұлт­тық валютаның долларға қатыс­ты бағамының әлсіреуіне әсер еткен факторлар жөнінде айт­ты.
– Биылғы алғашқы алты айда мұнай бағасы барре­ліне 27-ден 52 долларға қымбат­тады, алайда шілдеде 52-ден 42 долларға –15%-ға арзан­дады. Барлық шикізат экспорт­тайтын дамушы елдерде осын­дай жағдай орын алды. Олар­дың ұлттық валюталары Қазақстандағы сияқты бекіп, кейіннен 2-3%-ға төмендеді. Шілдеде теңге шартты түрде 4,2%-ға әлсіреді, бұл қалыпты өзгеріс деп санаймыз. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтады. Алдағы уақытта бағам қандай да бір жағдайларға байланысты өзгере қоймайды. 2016 жылғы шілдедегі теңгенің еркін айырбас бағамы жағдайындағы ауытқуы ішкі экономикалық тұрақтылық үшін ешқандай қауіп төндірмейді, – деді Д.Ақышев.

Жауап қалдыру