ҮЕҰ белсенділігі – ілеліктер мақтанышы

0
40

Бүгінгі жастар – елдің ертеңі. Олардың азаматтық бел­сенділігі жас ұрпақтың биік парасатының көрінісі. Жуырда Алматы облысы Іле ауданы орталығы Өтеген ба­тыр кентінде өткен жастар фестивалі аясында «Тиімді әріп­тестік бағытына – 10 жыл» атты конференция ұйым­дастырылды. Ол «Болашақ» үкіметтік емес ұйы­мының 10 жылдығына орайластырылды.
Мақсат –жастар саясатының ауд­ан көлемінде ойдағыдай жү­зе­ге асып отырғанын, қоғамдық ұйым­дардың белсенді іс-әре­ке­тін көрсету болатын. Биыл 10 жылдығы аталып өтіліп отыр­ған «Болашақ» үкіметтік емес ұйымы ауданда жастар ара­сын­да көптеген игі істердің ұйт­қысы бола білді. Іс-шараға ҚР Парламеті Мәжілісінің де­пу­та­ты Майра Айсина, Нұрлан Жазылбеков, сондай-ақ ат­қа­ру­шы органдардың, бизнес құ­ры­лымдарының, халықаралық қауым­­дастықтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Аудан аумағындағы ауыл­дардан келген қоғамдық ке­ңес өкілдері мен клуб бел­сен­ділері іс-шараға атсалысты.
Қоғамды әлеуметтік әріп­тестік мәселесіне назар ау­дар­ту өте маңызды. Өйткені мем­ле­кет­тік органдар мен бизнес құрылымдар демеушілігінің арқасында ҮЕҰ-дар әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарға шы­на­йы көмек қолын созады. Грант­ты жобаларға қатысып, ай­мақ­тың дамуына қосымша инвестиция кіргізеді. «Болашақ» балалар және жасөспірімдер клуб­тарының мемлекеттік емес қоғамдық бірлестігінің төра­йы­­мы Роза Әбілова аудан әкім­дігі мен «Филип Моррис Қа­зақ­­стан» компаниясы және «Бо­ла­шақ» ҮЕҰ арасында өза­ра әріп­тестіктің жылы дәстүрі қа­лыптасқандығын ор­таға салды. «Өзара күш бі­рік­ті­ру ар­қы­лы алға қойылған тапсыр­­ма­лар жүзеге асырылып, ҮЕҰ клуб­тарын халықтың бос уақытын тиім­ді пайдаланатын орталыққа айналдыруға мүмкіндік туды», –деді ол. – Клуб кешенінде жа­сөс­пірімдер мен ересек жас­тар­ға, жұмыссыз аза­мат­тар­ды кәсіптік оқытуға арналған оқу орталықтары бар. Сондай-ақ жас шамасына қарамай жұмыссыз әйелдер мен өмірде қиын жағдайларға тап болған балаларға көмек көрсетіледі».
Бүгінде аудан әкімі Бердә­улет Ешенұлының басшылығымен «Са­ламатты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын жү­зеге асыруда нәтижелі жұ­мыс­тар жүргізілуде. Аудан бас­шылығы өңірдегі көптеген ком­па­ния­лар­мен спорт немесе мәдениет са­ласын дамытуға байланысты ме­мо­ран­думдарға қол қойған. Сол арқылы аудандағы мәдени, спорт саласынның дамуы қарқын алып келеді. Бұл да жастардың келешегіне істеліп жатқан игі қадамдар екені анық.
Жиында сөз алған аудан бас­шысы Бердәулет Ешенұлы өңірдегі атқарылған ауқымды іс­терге тоқталып өтті. Айталық, өткен жылы ауданда 42 жас маман, ал биыл 44 жас маман «Дип­ломмен – ауылға» бағ­дар­ламасы бойынша жұмысқа орналасқан.
Бүгінгі күні Алматы об­лы­сын­да үкіметтік емес 199 ұйым тіркеуден өтіп, қызмет атқаруда. Олар барлық әлеуметтік-қо­ғам­дық салада белсенділік та­ны­туда және олардың тұрақты да­муларына жағдай жасау үшін 2008-2012 жылдары аралығында әлеу­меттік-маңызы бар бай­қау­лар өткізіпті.
Үстіміздегі жылы өткізілген әлеуметтік маңызы бар жобалар байқауына 36 үкіметтік емес ұйымнан 72 жоба ұсынылып, оған жергілікті бюджеттен 15 млн. теңге қаражат бөлінген.
Қазіргі уақытта жеңімпаз бол­ған 12 қоғамдық ұйым өз жұмыстарын жүргізуде. Бү­гін­гі күні облыста тіркелген үкіметтік емес ұйымдардың 80 пайызы ауылдық жерлерде қыз­мет атқаруда. Оларға аудан, қала, ауылдық округ әкімдіктері тара­пынан жан-жақты қолдау көр­се­тілетіні қуантады. Жиын барысында «Болашақ» ҮЕҰ-ның атқарып жатқан игі істерін баяндайтын бейнеролик көр­се­тілді. Жиынға қатысқандар еліміздегі жастар саясатын бұдан әр­мен дамыта түсу мақсатында өз ойларын ортаға салды. Бұдан соң аудан әкімшілігі алдына қазақ халқы мен өзге этнос өкіл­дерінің салт-дәстүрлері мен тұрмыс-тіршілігінен сыр шер­тетін халықтық-қолданбалы өнер мұражайларының көрмесі өтті.
Ермек АҚСУАТ,
Алматы облысы.

Жауап қалдыру