Дамудың жаңа көкжиектері

0
91

Жетісудың тылсым табиғаты жалпы эко­номиканың негізгі тұтқаларының бірі болып саналатын туризмді дамытуға кең жол ашады. Бұл өңірде басын мәңгі қар басқан, аспанмен таласқан асқар тау­лар да, айдынды шалқар көлдер де, арқыраған ағыны қатты, өткел бермес тау өзендері де, әсем табиғаттың өзі сыйға тартқан ескерткіштері де мол. Сондай-ақ, шипалы сулары мен емдік қасиеті мол саз-балшықтары, күн нұрына шағылысқан алтын құмдары да жеткілікті. Міне, жоғарыда айтқан жерұйық аймақтың осынау табиғи басымдықтарын пайдалана отырып, Алматы облысында туризмді дамытуды кешенді түрде әрі заманауи талаптарға сай жүргізудің тың жобалары табысты түрде іс жүзіне асыруда.
Соның нәтижесінде соңғы төрт жыл ішінде облыс бойынша қызмет көрсету көлемі екі есеге дейін артқан. Мәселен, 2014 жылы сала бойынша көрсеткіш 3,9 млрд теңгені құраса, өткен жылы ғана оның жалпы көлемі 8,3 млрд теңге болған. Биылғы жылы қызмет көрсетудің кө­ле­мі 10 млрд теңгеге жеткі­зілмек. Сонымен бірге, туристерге қыз­мет көрсетудің сапалық көр­сеткіштері де талап­қа сай жүргізіліп ке­ле­ді.
Туризмді дамытуд­а облыстағы Алакөл кө­лі­нің маңызы зор. Жуырда Қазақстан Рес­публикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысына жұмыс сапарымен бол­ған кезінде Алакөл ауданының орталығы Үша­рал қаласында са­лынған әуежай және Ақши кентіндегі жаңа темір жол вокзалының жұ­мыстарымен танысы­п, елімізде туризм саласын дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар беріп, Алакөлдің туризм саласы үшін аса ма­ңызды екендігіне атап өткен болатын. Аймақта Елбасының тапсырмасын орындау одан әрі жалғасуда.

Жуырда облыс әкімі Амандық Баталовқа Ала­тау баурайына ор­на­ласқан Талғар ауда­нындағы «Лесная сказка» демалыс кешенін одан әрі дамытуға бағыт­талған әрі жыл бойы жұмыс істейтін «Апорт-Ақтас» тау шаң­ғысы курортының жобасы таныстырылды. Жобада көрсетілгендей, онда тауаралық 12 аспалы жол, ұзындығы 31 шақырымдық тау шаң­ғысы арнайы трассасы, демалушыларға ар­налған 700 төсек-орын­дық қонақ үй, мей­рам­­ханалар, кафе және басқа да мәдени ба­ғыттағы нысандар салу көзделген.

Жобалаушылардың ай­т­уына қарағанда мұн­да жылына 724 мың адам келеді деп күтілуде. Жалпы күніне 12 мың адам болады деп есептеліп отыр. Табиғаты әсем жерде орын тебетін әмбебеп кешеннің құны 31 млрд теңгеге межеленген және ол толық іске қо­сылған кезде 600 адам жұмыспен қамты­ла­тын болады. Кешеннің басты ерекшелігі – кешен жыл бойы үздіксіз жұмыс істейді.
Жобамен етене та­ныс­қан өңір басшысы А. Баталов туризмді да­мыту Мемлекет бас­шы­сының тікелей тап­сыр­маларының бірі екендігіне тоқтала отырып, шаң­ғы курортына қа­жет­ті инженерлік инф­ра­құрылымдарды автокөлік жолдарына, электрмен, сумен қам­туға және кәріз жүйе­леріне қатысты дамыту мәсе­лелеріне қолдау көр­сететіндігін жеткізді.

Ғалым ЖАЗЫЛБЕКОВ.
«P&H»

Жауап қалдыру