Бесінші шақырылған Қазақ­стан Республикасы Парламен­тінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Пар­ла­менті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы

0
42

Қазақстан Республикасы Конс­титуци­ясының 44-бабы­ның 2) тармақшасына, 63-ба­бының 1-тармағына, «Қа­зақ­стан Республикасындағы сай­лау туралы» Қазақстан Рес­пуб­ликасы Конституциялық заңы­ның 85-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Бесінші шақырылған Қа­зақ­стан Республикасы Парла­ментінің Мәжілісі таратылсын.
2. Партиялық тізімдер бо­йынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мә­жі­лісі депутаттарының кезек­тен тыс сайлауы 2016 жыл­ғы 20 наурызға тағайын­далсын.
3. Қазақстан халқы Ассамб­леясы сайлайтын Қазақстан Респуб­ликасы Парламенті Мә­жі­лісі депутаттарының ке­зек­тен тыс сайлауы 2016 жылғы 21 наурызға тағайын­далсын.
4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Пар­­ла­менті Мәжілісі депутат­тарының кезектен тыс сайлауын да­йындауды және өткізуді ұйым­дастырсын.
5. Қазақстан Республи­ка­сы­ның Үкіметі, Астана және Ал­маты қалаларының, облыс­тардың әкімдері Қазақстан Респуб­ликасы Парламенті Мә­­­жі­лісі депутаттарының ке­зек­тен тыс сайлауын ұйым­дық, материалдық-техника­лық және қар­жылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қа­жетті шараларды кідіріссіз қабыл­дасын.
6. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда,
2016 жылғы 20 қаңтар

Жауап қалдыру