Баянды бастама – ресми сайлау

0
29

Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу туралы Қа­зақстан халқы Ассамблеясының бастамасына орай Ақор­да­да Елбасы Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт То­қаев­пен және Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақы­пов­пен консультация өткізді. Мемлекет басшысы бұл бастаманы ел-жұрт, соның ішінде еңбек ұжымдары мен қоғамдық бір­лес­тік­тер мүшелері, зиялы қауым, жастар және аға буын тал­қы­лап жат­қанына тоқталды.
Қ. Тоқаев Конституция ере­же­ле­ріне сай келетін Президент сайлауын өткізуді қолдады. Ол қазіргі уақытта, әлемде қа­лып­тас­қан тұрақсыздық жағ­дайында бүкіл елімізге Мемлекет басшысының беделі қажет еке­нін атап өтті.
Қ. Жақыпов Мәжіліс депутаттары мен Қазақстан қоға­мы­ның түр­лі топтары елдің ж­етіс­тік­те­рі мен әлемдегі ахуалды ескере ке­ліп, сайлау өткізуді қолдап отыр­ғанын растады.
Сондай-ақ, Елбасы Премьер-Министр Кәрім Мәсімов­пен кез­дес­ті. К. Мәсімов қоғам­да Президент сайлауын өткізу мә­се­лесі белсенді талқыланып жат­қа­нын айтты.
Елбасының Конституция­лық Кеңес төрағасы Игорь Роговпен кездесу барысында Мемлекет басшысы Конституция­лық Ке­ңеске Президент сайлауын өт­кізу мүмкіндігіне қатысты сауал жолданғанына тоқталды.
Қазақстан Президенті сайлау өткізу Конституция талаптарына дәлме-дәл сай болуы тиіс­ті­гін атап өтті.
Өз кезегінде И. Рогов Не­гі­згі заңның 41-бабы­ның 3–1-тар­мағына сәйкес, кезектен тыс президенттік сайлау­ды белгі­леу тек Қазақстан Пре­зи­ден­тінің құзыретіне жататынына тоқ­талды. Аталған кон­сти­ту­ция­лық құзырет ешқандай шарт­қа және шектеуге байлаулы емес, Мемлекет басшысы оны дербес жүзеге асырады. Осы­ған байланысты Конститу­ция­лық Ке­ңес төрағасы кезектен тыс Президент сайлауын өткі­зу­ге қан­дайда бір конституция­лық құ­қық­тық кедергінің жоқ еке­нін айтты.
***
Мемлекет басшысының «Қа­зақ­стан Республикасы Пре­зи­ден­ті­нің кезектен тыс сайлауын та­ғайын­дау туралы» Жарлы­ғы­на сәйкес Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2015 жылдың 26 сә­уі­рі­не тағайындалды.
Қанат ДҮЙСЕБАЕВ

Жауап қалдыру