Бау-бақша саласы дамиды

0
106

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрайымы Гүлназ Атамқұловамен, «НК СПК «Жетісу» АҚ төрағасы Ерлан Шынтөринмен және Alatau Fruits Engineering» ЖШС директоры Теміржан Жалғасбаевпен өңірде бақ саласын бірлесіп дамыту туралы меморандумға қол қойды.
«Аграрлық несие корпо­рациясы» АҚ басқарма төра­йымы Гүлназ Атамқұлованың сөзіне қарағанда, бүгінгі күні Қазақстанның 13 облысында 180 несиелік серіктестік құрылған. Алматы облысында несиелік серіктестіктің 22-сі жұмыс жасайды. Егер ағымдағы жылы республикада 30 млрд теңгеге қаржыландыру көзделсе, Жетісу шаруалары 2 млрд 800 мың теңге көлемінде алады.
Амандық Баталов әр ай­мақтың жай-күйімен таны­сып, кей әкімдер көрсет­кіштердің төмендігіне жауап беретінін атап өтті.

Жауап қалдыру