Қазақстан Ауған ұлттық қауiпсiздiгіне қолдау көрсетеді

0
17

Қазақстан Республикасының Сырт­қы істер министрі ЕржанҚазыханов маусым айының ортасында «Азия жүрегі» ыс­там­бұлдық үдеріс елдері шеңберіндегі Ауғанстан бойынша кон­ференцияға қатысып қайтқан болатын. Министр төмендеАуғанстан елінде тұрақтылық ор­натуға байланыстыорамды ойларын ортаға салады.

Ауғанстанның қай­та қал­­­­­­­пы­на келуі – біздің ортақ мақ­­сатымыз, бұл Ауған хал­­­қы­ның өз ниетімен де жа­ра­сымды болып келеді.
Бұл мақсатта көптеген іс-ша­ра­­­лар атқарылуда. Мұның дә­ле­­лі ретінде Ыстамбұлда, Бонн жә­не Чикаго халықаралық фо­румдары мен Астана мен Абу-Даби байланыс топ­та­рының отырысын атап өту­ге болады. Ыстамбұлдық үде­рі­сінің жүзеге асуы қазіргі таң­да өз нәтижесін көрсетті. Біз Ауғанстанға байланысты се­нім шараларының нығаюы бо­йын­ша ынтымақтастықтың 7 (8) бағытын қабылдадық. Біз­дің көзқарасымыз бойынша, АИР ішкі сұқбатының ұлттық ке­лісімнің орнауы бойынша та­бы­сы­на маңызды көңіл бөледі. Тек ел­дің ішкі келісімі ғана жалпы мақ­саттарды шешуге шынайы жол аша алады. Тұрақтылық пен қауіпсіздік – Ауғанстан хал­қының пайдасы үшін жа­са­латын экономикалық және әлеу­меттік бағдарламалардың тиім­ді жүзеге асырылуына зор кепіл бола алады. Ауғанстан бо­йын­ша ынтымақтастықтағы ба­сымдылық, экономикалық өл­­шемге жатады. Оған дәлел ре­тін­де Душанбеде өткен RECCA кон­фе­ренциясының 5-оты­ры­сын­да­ғы қорытындыларын атап өтуге болады.

Ахуал­дың тұрақтануына бiр­қа­лыпты дамуға бағытталған ре­формалар мен елдегi әлеу­меттiк-экономикалық көр­сет­кiштердiң жақсаруы, бi­лiм­нің деңгейi мен басқа да адам­гер­шiлiк стандарттар негiз бо­латыны мәлім.
Қа­зақстан Ауғанстанмен екi­жақ­ты сауда-экономикалық ын­тымақтастығын дамытуды жал­ғастыруда. Өздеріңізге бел­гi­лi, Қазақстан 2010 жылдан бас­тап ауған азаматтарының елі­міздегі оқу орындарында бi­лiм алу бағдарламасын жү­зеге асырып келеді.
Қа­­­­зақ­стан аймақтың энер­ге­тика және көлiк инфра­құ­ры­лымдарын дамыту са­ла­сын­дағы халықаралық жо­ба­ларын қолдайды. Бiз Ау­ған­с­тан темiр жол желiсiнiң да­мытуындағы Қазақстанның қа­тысу мүмкiндiгін қа­рас­ты­рудамыз. Бiздiң ортақ мақ­са­тымыз – Орталық және Оң­түс­тiк Азиядағы сауда-көлiк мар­шрут­тарын бірлестіру болып та­былады. Қазақстан ол үшiн Түр­к­менстан шекарасына дейiнгі те­мiр жол тармағы аймағының құ­рылысын аяқтап үлгерді. Бiз со­нымен бiрге түркмен және ау­ғандық әрiптестеріміздің бұл жол­дағы өз аймақтарын тез ара­да бiтiретініне үмiт бiлдiремiз.
Қа­зақстан өңірдегi пайдалы инфра­құрылым жобаларын қол­дау­ға дайын. Бiз «Батыс Еуропа – Ба­тыс Қытай» атты орасан зор жо­баны жүзеге асырып келеміз.

Есiрткiнің жа­сы­рын өн­дi­рiсі мен трафик мә­селесi де қатты алаңдатады. Бiз бұл есiрткi сатудағы табыс жо­лы­ның терроризм, қылмыс, сы­байлас жемқорлық және кө­леңкелі экономиканың қар­жы­ландырудың тура көздерi еке­нін түсiнуiмiз қажет.
Қа­зақстан Үкiметiнің Ауған ұлт­тық қауiпсiздiк күштерiне 2015 жылы қаржы қолдауын көр­сету туралы шешімін қа­был­дағаны өздеріңізге мәлім. Біз­дің көзқарасымыз бойынша, Ау­ған ұлттық қауiпсiздiк күш­те­рiнің келешектегі басты мақ­саттарының бірі НАТО мен ХҚЖК (Халықаралық Қа­уіп­сіз­дік жәрдем күштері) бірлесіп, есірт­кі кәсібіне қарсы күрес жа­сауы керек. Сонымен бiрге бұ­ған Орталық Азия аймақтық ақ­па­раттық үйлестіру орталығы, Шан­хай ынтымақтастық ұйы­мы, Ұжымдық қауiпсiздiк ту­ра­лы шарт ұйымы әрекеттесуі қа­жет. Мемлекеттердiң және атал­ған құрылымдардың күшімен осын­дай әрекеттерге қарсы тұ­ру ісінің тиiмдiлiгiне ықпал ти­гiзуіне қабiлеттi болатына се­неміз.

Ауғанстан мә­се­лелерiнiң реттелуi барлық ха­лықаралық құрылымдар мен аймақтық бiрiктiрулердiң өза­ра әрекеттесуіндегі икемді те­тіктерді орнатуды талап етеді. Жуыр­да болған ШЫҰ Саммит бас­қо­суында Ауғанстанға ұйым ба­қылаушысы мәртебесiн беру ту­ралы шешiм қабылданды. Қа­зақс­тан ауған мәселесін шешу үшiн нақты қадамдарын көп жақ­ты тетiктер шарасы арқылы жү­зеге асырып келеді. Ол 2010 жыл­дағы ЕҚЫҰ-ғы бiздiң төр­аға­лығымыз тұсында қалай бол­са, ИЫҰ СІМК төрағалық шең­берiнде де солай болмақ.
Осы жұмыс ҚР Президенті Н.На­зарбаевтың бастамасымен жү­зеге асқан АӨСШК шең­бе­рiнде де жүргiзiліп келеді.

Бiз се­нiм шараларының күшейту са­ла­сын­дағы Ыстамбұл үдерісі мен АӨСШК мүше-мемлекеттерi ара­сындағы өзара әрекеттесудегi ұтым­ды деңгейлерді орнатуға ұсы­ныс жасадық. Бұл жұмыстың нәтижелері қо­ры­тын­ды декларацияда бекiтілмек. Ал бұған орай қар­сы жүріс үстіміздегі жылдың қыр­күйегiнде Астанада өте­тін АӨСШК Министрлiк кез­де­суін­де, оның 20 жыл толуына орай жасалатын болады.
Бү­гiн евроатлантикалық, еу­ро­палық және еуразиялық қа­уiп­сiздiк кеңiстiктерi едәуiр мөл­шерде бiр-бiрiн қиып, өза­ра толықтырып отырады. Бұл барлық мемлекеттер кон­ти­нентінің бiртұтас және бө­лiнбейтiн қауiпсiздiктi қам­та­масыз ету негiзінде жаңа қа­уіп­сіздік архитектурасының пай­да болуына серпінді қызмет көр­сетедi. Қазақстан Ау­ғанстанмен екiжақты және көп­жақты форматта одан әрі қа­рай ынтымақтастық жолын жал­ғастыра беретін болады.

Жауап қалдыру