Астық жинау науқаны

0
199

12 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағын­таевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметі отырысында 2017 жылғы астық жинау жұмыстарын жүргізу барысы қаралды.
Ауыл шаруашылығы бірінші ви­це-министрі Қайрат Ай­ту­­­­ғанов қазіргі уақытта бар­лық өңірлерде астық жинау жұмыстары жүргізіліп жат­­қанын баяндады. 12 қыр­күйектегі жағдай бойынша 11,6 млн га астық жиналды, орташа 12,6 ц/га түсімділікпен 14,7 млн тонна астық бастырылды. Астық жинау қарқыны өткен жылдың деңгейінен 2,5 млн га немесе 16%-ға артық.
Жалпы Қазақстан бойынша дәнді дақылдар алқаптарының 76,7 пайызы жиналды. Негізгі егін егетін өңірлерде: Ақмола облысында – 3,5 млн тонна, Сол­түстік Қазақстан облысында – 3,3 млн тонна, Қостанай облысында – 3,8 млн тонна астық жиналды.
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында масақты дәнді дақыл­дарды жинау аяқталды, 1,4 млн тонна жиналды, бұл өткен жыл­дың деңгейінен 3,5 пайыз артық.
Арпа жинау аяқталып қалды – бүгінгі таңда 1,8 млн га немесе алқаптардың 86 пайызынан  2,7 млн тонна жиналды. Майлы дақылдар бойынша астық жинау алқаптарының шамамен 24%-ы жиналды, бұл өткен жылдың деңгейінен 10 пайызға артық, 1,2 млн тонна бастырылды. Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында көке­ніс-бақша дақылдарын жинау жалғасуда, 76%-ы жиналды, 3,1 млн тонна көкөніс-бақша дақыл­дары жиналды, бұл өткен жылдың сәйкес деңгейінен 13%-ға артық.
Астық жинау жұмыстарын ұйымдастырылған түрде жүргізу үшін өңірлер арзандатылған дизель отынының қажетті көле­мі­мен қамтамасыз етілген. Бар­лық қабылдау пункттері жаңа ас­тық түсімін қабылдауға да­йын.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы астық қоймаларының рейтингін анықтау және тағайындау әдістемесі енгізілді. Биылдан бастап Азық-түлік корпорациясы сенімсіз рейтингке ие астық қабылдау кәсіпорындарымен жұмыс жасауды доғарады.
Бұдан өзге, астық сапасын арттыру үшін ағымдағы жылы тұқым шаруашылығын қолдау және минералды тыңайт­қыш­тарды қолдану бо­йын­ша қажетті шаралар қабылданды. Соның арқасында 3-ші сыныпты астық үлесі 76%-ды құрайды, ал өткен жылы бұл көрсеткіш 44%-ды құрады, 25 және одан жоғары желімшемен – 47%, өткен жылы бұл мән 9% құрады.
Осылайша, бункерлік салмақ­тағы жалпы егін жинау 19,5 млн тоннаны құрайды. Ал негізгі егін егетін үш өңір бойынша шамамен 15 млн тонна жинау жоспарланған. Күтілетін сапаны ескере отырып, аталған көлемдер астықтың экспорттық әлеуетін 8 млн тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

primeminister.kz

Жауап қалдыру