Ақпараттық хабарландыру

0
160

Республикалық қоғамдық саяси «Президент және Ха­лық» басылымы (ары қарай – Газет) – 2012 жылғы 15-қаң­тар­да Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі сай­лауына партиялық тізім бойынша және Қазақстан хал­қы Ассамблеясы атынан қатысатын, сондай-ақ қа­ла­лық, облыстық және аудандық мәслихат сайлауына қа­тысатын кандидаттарға сайлауалды үгіт-насихат ма­те­риалдарын жариялауға арналған баспа беттерін беру та­лаптары жайында хабарландырады.

1) Газеттің өз беттерінен орын беруіне қатысты жалпы та­лаптары мен тәртіптері.

Газет үгіт-насихаттық жә­­не ақ­па­рат­тық баспа ма­те­­риал­дарын жа­риялауға өз беттерінен орын береді.
Га­зет беттерінен орын Газеттің мен­шік иесімен Қазақстан Рес­­пуб­ликасының Парламент Мә­жі­лісі сайлауына партиялық ті­зім бойынша және Қазақстан хал­қы Ассамблеясы атынан қа­ты­сатын кандидаттарға, сондай-ақ қалалық, облыстық және ау­дан­дық мәслихат сайлауына қа­ты­сатын кандидаттарға үгіт-на­сихаттық және ақпараттық ма­те­риалдарын жариялау туралы жа­салған жазбаша келісім не­гізінде беріледі. Келісімнің фор­масы мен соған сәйкес құ­жат­тар төменде көрсетілген жаз­баша хат негізінде беріледі. Кан­дидат келісімі /сенімді тұл­ғаның хатқа қойған қолы кан­ди­даттың келісімі болып табы­ла­ды/ сенімді тұлғаның Газеттің бас­­па беттерінен орын ұсынуы ту­ралы келісімді қабылдауы деп танылады, әрі сенімді тұл­ға­ның сайлауалды үгіт-насихат өт­кізуге байланысты Газет та­рапынан көрсетілетін қыз­мет­терді қабылдауға деген ке­лісімі болып табылады. Мұн­дай келісім жасасу үшін кан­дидат /сенімді тұлға/ Га­зет­тің меншік иесіне келесі ақ­­па­рат­тар көрсетілген жаз­баша хат ұсы­нады:
1) Тіркеу нөмірі, жазбаша хаттың жа­зылған күні мен уақыты;
2) Жазбаша хатты ұсынған кан­­дидаттың /сенімді тұл­ға­ның/ толық аты-жөні;
3) Тұл­ғаның жазбаша хат ұсы­ну өкі­леттілігін растайтын құ­жат, кан­­ди­даттың жеке куә­лі­гі /се­нім­ді тұл­ға­ның жеке куә­лігі/, құ­зырлы мем­ле­кеттік ор­ган та­рапынан берілген куә­­лігі не­месе ҚР заңдарына сәй­кес ке­летін өзге құжаттары;
4) Жазбаша хатта үгіт-на­си­хаттық баспа материал­да­рының жоспарла­нып отыр­ған көлемі мен оның фор­­масы көрсетілуі тиіс;
5) Кандидаттың немесе се­нім­ді тұлғаның қолы.
Га­зет жазбаша хаттарды осы ақ­­параттық хабарландыру жа­рия­ланған күннен бастап, 2012 жыл­дың 6-қаңтарына дейін, сен­бі мен жексенбі күндерінен бас­қа барлық күндері сағат 10-00-ден бастап 17-00-ге дейін қа­былдайды.

Газеттің мекенжайы:
Республикалық қоғамдық саяси «Пре­зидент және Халық» газеті 050002, Алматы қаласы, Медеу ау­даны, М.Мақатаев көшесі, 47, офис 503, байланыс телефоны — 397-59-14; Жазбаша хатпен бір­ге хат маз­мұнында сілтеме жа­салған барлық құ­жаттардың кө­­шір­мелері де ұсы­нылуы тиіс (Бай­­ла­нысушы тұлға Қамба­ро­ва Әсел) Жарияланымдардың мә­тінінде оның ақысын тө­леу­ге қатысты, ма­териалдың шы­ғуына жауапты тұл­ға­лар, қар­жы­ландыру көздері жайын­дағы мағ­лұматтар, ақпаратты ұс­ын­­ған тұлғаның аты-жөні көр­се­ті­луі тиіс.

Баспа материалдарын жа­рия­лау кезегінің тәртібін жаз­ба­ша хаттардың келуі тәртібіне қа­рай Газет бекітеді. Бір күнде, бір ме­зетте бірнеше кан­ди­даттан /се­німді тұлғалардан/ жаз­ба­ша хат­тар келіп түскен жағдайда, Га­зет жеребе тартады. Жеребе тар­туға баспа материалдарының шы­ғу кезе­гіне та­ласатын кан­дидаттар немесе канди­дат­тар­дың мүддесін қорғайтын өкіл­­дері және таластың тә­уел­сіз ба­­қы­лаушысы ретінде БАҚ өкілі қатысады. Әрбір кан­дидатқа /сенімді тұлғаға/ жа­бық конверттердің ара­сы­нан біреуін таңдау ұсынылады, кон­верт­тер­дің ішінде баспа материа­лын жариялау күні көрсетіледі. Кон­­верттер саны тараптар са­ны­мен тең болады. Жеребе аяқ­талғаннан кейін таласушы та­раптар мен БАҚ өкілі же­ребе хат­тамасына қол қояды. Же­ре­бенің нәтижесі (хаттаманың кө­­шір­месі) тиісті сайлау ко­мис­сиясына ұсынылады.
2) Үгіт-насихаттық жә­не ақ­па­раттық баспа ма­те­риал­­дарын ұсыну тәртібі
Үгіт-насихаттық баспа ма­те­риал­­дары Газетке Қазақстан Рес­публи­касының «Сайлау ту­ралы» консти­туциялық за­ңы­ның 3-бабының 28-тар­ма­ғында көзделген көлемде, Га­­зеттің меншік иесімен ба­сы­лымнан орын беру туралы ке­лісімге қол қоюға өкілетті тұл­ғаның қолымен ұсыныла­ды.
Үгіт-насихаттық және ақпарат­тық баспа материалдары Га­зетке мо­дуль немесе ма­қа­ла түрінде ұсыны­ла­ды.
Үгіт-насихаттық және ақпарат­тық баспа материалдары Га­зет шы­ға­тын күннен 3 (үш) күн бұрын бе­ріледі.
Егер үгіт-насихаттық және ақ­­параттық баспа ма­те­риал­да­рын­да Конс­ти­ту­ция­лық тәртіпті күштеп өзгертуге шақыру, Рес­пуб­ликаның бүтіндігін бұзу, мем­лекеттің қауіпсіз­дігіне нұқ­сан келтіру, әлеуметтік, нә­сіл­дік, ұлтаралық, діни, тап ара­лық және руаралық араздықты қоз­­дыру, зұлымдық пен зор­лық-зомбы­лықты дәріптеу, сон­дай-ақ заңда көз­дел­меген әс­кери құрылымдар құру ниеті бар деп тапса немесе заң­да көз­делген өзге де негіздерді есеп­ке ала отырып, Газет үгіт-на­сихаттық және ақпарат­тық бас­па материал­да­рын қабыл­дау­­дан бас тартуға құқы­лы.
3) Газеттің баспа бетіндегі оры­ны­ның төлемақысы мен оны төлеу тәртібі
Үгіт-насихаттық және ақпарат­тық материалдар үшін басылым бе­­тінен орын беру ақысы тө­мен­де­гі­дей:

«Президент жә­не Халық» газеті:
250 (екі­ жүз елу) теңге – жур­на­­лис­тік мақалалар жа­рия­­­лан­ған беттерде мо­дуль орналастырудың әр­бір 1 шаршы см. үшін, қо­сым­­ша құн салығынсыз;
250 (екі жүз елу) теңге – жур­налистік мақалалар жа­рияланған беттерде ма­қа­ла орналастырудың әр­бір 1 шаршы см. үшін, қо­сым­ша құн салығынсыз.
Ба­сылым бетінен орын беру үшін төленетін ақы сомасын тиіс­ті сай­лау қоры/сенімді тұл­ға 100 пайыздық алдын ала төлеммен аударуы тиіс.
Ал­дын ала төлем Газет ұсынған есеп қағазы негізінде, есеп қа­ғазы ұсынылған күннен бас­тап 3 (үш) операциялық күн­нің ішінде төле­неді.
Тө­лем Газеттің басылымнан орын беруі туралы тиісті ке­лі­сім­шартында көрсетілген бан­кі­лік реквизиттері бойынша не­месе есепшоты бойынша тө­ле­неді.

Жауап қалдыру