100 нақты қадам заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етіледі

0
24

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, ширек ғасырға жуық уақыт ішінде Қазақстан өз дамуының бірнеше кезеңін бастан кешірді: мемлекет құрылысының бірінші кезеңінде егеменді мемлекеттің іргетасы қаланса, екінші кезең қалыптасқан мемлекетке жеткізген жол іспетті болды. Мемлекет құрылысының үшінші кезеңі Мәңгілік елге жол тартатын ұлы реформалардан басталып отыр.
Елбасы ел дамуының үшін­ші кезеңін бастайтын бес институт­тық реформаны күрт шиеленіскен жаһандық сын-қатерлерге әдет­тен тыс әрі күшті жауап ретін­де ұсынды.
Биылғы жылдың 27-қыркүйе­гінде БҰҰ-ның Нью-Йоркте өт­кен «2015 жылдан кейінгі даму кезеңі­не арналған күн тәртібін» қабыл­дау жөніндегі саммитінде Прези­дент БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары мен өзге де құжаттарының мазмұны мен бағдары Қазақстанның басым­дықтары мен міндеттеріне то­лық сәйкес келетінін, оларды іске асыру жауапкершілігі ұлт­тық үкіметтердің мойнына жүк­те­летінін атап өтті.
Қазақстан басшылығының ел­ді орнықты дамыту жөнін­дегі жауапкершілігіне «Қазақс­тан-2050» стратегиясы: қалып­тас­қан мемлекеттің жаңа сая­си бағыты» құжатын іске асы­ру мысал бола алады, оның мақсаты елді әлемнің ең дамы­ған 30 елінің қатарына қо­су болып табылады.
БҰҰ-ның аса ірі халықаралық фору­мында біздің Президен­тіміз бүкіл әлем жұртшылығын елде іске асырылып жатқан, мем­лекеттік басқару аппаратын жаң­ғыртуға, азамат­тық жә­не құқықтық институт­тар­дың жұмысын жетілдіруге, экономиканы әрі қа­рай индустрияландыруға бағыт­тал­ған «Бес институттық реформа» жөнінде хабардар етті.
Биылғы жылдың мамыр айын­да мемлекет басшысы Қазақс­тан халқына бес реформаны іске асыру бойынша мемле­кет атқаратын іс-қимылдың егжей-тегжейлі екшелген алгоритмі – «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» құжатын ұсынды. Шетелдік сарапшылар арасында Прези­денттің бұл жоспары – барын­ша уақтылы, өзекті әрі те­рең ойластырған жоспар, ол «әлем­дегі үкіметтердің төрттен үші үшін манифест» бола алар еді деген пікір айтылды.
Мем­лекет басшысы ұсынған Ұлт жоспары нақты іс-қимыл құжа­ты ретінде қоғам мен мем­лекетте заман талабына сай әрбір адамның, әрбір отбасы­ның әл-ауқатын арттыра түсуге, ел­дің әлемдік ауқымдағы бәсе­­кеге қабілеттілігін арт­ты­руға бағытталған іргелі өзгеріс­тердің негізін қалайды.
Прези­дент алдымызға Ұлт жос­парын іске асыру жөніндегі ең шұғыл заңдардың алғашқы топтамасы 2016 жылғы 1-қаңтардан бастап жұмыс істеуге тиіс деген міндет қойды.
Ұлт жоспары жарияланған бой­да дереу Президент жаны­нан Жаңғырту жөніндегі ұлт­тық комиссия құрылып, оның құрамына депутаттық корпус­тың өкілдері де кірді. Бұл парламентшілердің заң жобасы­ның тұжырымдамасы мен мәті­нін әзірлеудің ерте сатысынан бастап оның тақырыбын мең­ге­ріп, өз ұсыныc­тарын айтуы­на, әріптестерінің пікірлерін бі­ліп, ескеруіне мүм­кін­дік бер­ді. Жаңғырту жөнін­дегі ұлт­тық комиссия өзгеріс­тер­дің әрбір блогы бо­йынша заң жобаларын дайындауда ауқымды жұмыс атқарды.
Жаз бойы Мемлекет бас­шысының тапсырмаларын орын­дай отырып, Үкімет­тің, өзге де мемлекеттік орган­дар­дың, Парламенттің қос Пала­тасының бірлесе күш сал­уы нәтижесінде «100 нақ­ты қадамды» заңнамалық қамта­масыз ету жөніндегі заң шығару жұмысының жоспары жасалды. Осы құжатта заңдардың жобаларын Парламентте қарау кестесіне баса мән берілді. Мәжіліс еліміздегі заң шығару жұмысының орталығына, нағыз штабына айналды.
Депутаттардың бар уақы­ты мен қажыр-қайраты Президент­тің «100 нақты қадам» жоспарын іске асыру үшін әзірленген заң жо­баларының топтамасын қарастыруға бағытталды.
Мәжілісте жедел заң жобалары бойынша жұмыс ашық жүр­гізілгенін айта кеткен жөн. Мәжі­ліс қабырғасындағы заң шыға­ру жұмысының қандай қарқынды болғанын бірқатар цифрлар толық айғақтай алады. Қыркүйектің басы мен 7-қазан аралығында жұмыс топтарының 500-ден астам отырысы, бас комитеттердің 22 кеңейтілген отыры­сы өткізілді. Депутаттар заң жобаларының бүкіл топтамасы бойынша 11 мыңға жуық түзетулерді қарастырды, олардың жартысынан астамы қабылданды.
Жүктемеге келетін болсақ, жүктеме негізінен Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне және Экономикалық реформа комитетіне түсті, Мәжілістің жалпы отырыстарына қарауға олар тиісінше 15 және 12 заң жобасын дайындады. Қаржы және бюджет комитеті мен Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті – 10 заң жобасын, Аграрлық мәселелер комитеті – 7, Халықаралық істер, қорға­ныс және қауіпсіздік коми­теті мен Экология мәселе­лері және табиғат пайдалану комитеті әрқайсысы 4 заң жобасынан қарады.
Нақ­ты заң жобаларына келер болсақ, мақұлданған заң жоба­ларының ішінде – 3 конституциялық заң, 19 негізгі заңдардың жобалары, қолда­ныс­тағы құқықтық базаға өзгеріс­тер мен толықтырулар енгі­зетін 40 заң жобасы бар.
Ұлт жоспарын заңнамалық тұрғы­дан қамтамасыз ету жалпы мынадай болды: 13 заң жоба­сы – мемлекеттік құрылыс мәсе­лелері бойынша; 9 заң жоба­сы – қаржы, салық және ке­ден ісі мәселелері бойынша; әрқайсысы 7 заң жобасы­нан – еңбек, әлеуметтік сақ­тан­дыру және әлеуметтік қам­сыздандыру, сондай-ақ шаруа­шылық қызметін мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша; 6 заң жобасы – ұлттық қауіп­сіздікті, соттардың және құқық қорғау органдарының қызметін қамтамасыз ету мәселелері бойынша; 5 заң жобасы – білім бе­ру, ғылым, мәдениет және ден­саулық сақтау мәселелері бойынша; 4 заң жобасы – ауыл шар­уашылығы мәселелері бойын­ша; әрқайсысы 2 заң жобасынан – азаматтық және азамат­тық-процессуалдық заңнама саласы, кәсіпкерлік, сондай-ақ өнеркәсіп, көлік және байланыс мәселелері бойынша, бір-бір заң жобасынан – жер заңнамасы саласы және құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет және т.б. мәселелері бойынша қабылданды.
Өздеріңіз көріп отырғандай Президенттің реформасы іс жүзінде мемлекет пен қо­ғам тыныс-тіршілігінің бар­лық саласын қамтыған.
Мә­се­лен, Ұлт жоспарының ал­ғаш­қы он бес қадамы қазіргі за­ман­ғы кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мәсе­лелеріне арналған. Бұл қадам­дардың барлығы «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның жа­ңа редакциясында және оған қосым­ша заңда көрініс тапты.
«Мемлекеттік қызмет туралы» заңға енгізілген жаңа­лық­тар жұмыс тобының 11 отырысында жан-жақты талқыланды. Депутаттар барлық түзетулерді кей­бір кездері көрініс бе­ріп қалатын дәстүрлі бюрок­ратиялық тәсілдерді халықтың қажеттілігі мен мұң-мұқтажына тез арада жауап беретін, мем­ле­кет пен қоғамның мүддесін қам­та­масыз ететін мемлекеттік менеджменттің жа­ңа мәдениетіне ауыстыру мақ­­са­тында енгізіп отыр. Мәжі­лісте қаралған және мақұл­данған заң жобаларының арасын­да Президент реформаларымен біте қайнасып жатқан – «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруға бағытталған топтама­ны ерекше атап өту қажет. Осы бөліктің негізгі мақсаты – мемлекеттің одан кейінгі эконо­микалық серпілісі үшін Еуразия­лық континенталдық көлік­тік жүйенің бөлігі ретінде мемлекет­тің инфрақұрылымдық желі­сін құру болып табыла­ды. Қазақстандық инфрақұры­лымдық жоба ҚХР басшылығы ұсынған «Жібек жолының эконо­мика­лық белдеуі» бағдар­ламасымен сәтті үйлесу­де.
ЕАЭК жобалары және Жібек жолының Экономикалық белдеуі бір-бірін толықтыратын си­патқа ие екенін ерекше атап көр­сету қажет. Бұл орайда Қазақ­стан Президенті БҰҰ саммитінде (2015 ж. қыркүйек) Үлкен Еуразия идеясының айналасына топтасудың маңыздылығына ерек­ше тоқталып өтті, ол ұлттық еге­мендікті сөзсіз сақтағанда жә­не қатысушы елдердің ұлт­тық ерек­шеліктеріне құрмет бол­ғанда ЕАЭО-ты, Жібек жолы­ның Экономикалық бел­деуін және Еуропалық одақты ХХІ ғасырдың біртұтас ин­теграциялық жобасына біріктіреді.
Негізгі үш компонентті атап өту қажет, біздің пікірімізше, олар Жібек жолының Эко­номикалық белдеуі жобасын іске асыру шеңберінде Қытай мен ЕАЭО елдері арасындағы экономикалық өзара іс-қимыл жасаудың базалық негізін құ­райтын болады.
Біріншіден, бұл біздің елдерімізді жалғастыратын көлік инфрақұрылымын дамыту жә­не оны халықаралық көлік-ком­муникациялық дәліздермен интеграциялау.
Екіншіден, Еуразиялық эко­но­микалық одаққа қатысушы ел­дер мен Қытайдың сауда-эко­номикалық, индустриялық жә­не инвестициялық ынты­мақ­тастығын нығайту жөніндегі ша­ралар кешенін қабылдау.
Үшін­шіден, Жібек жолының Эко­номикалық белдеуі жобасы шеңберінде Еуразиялық эко­номикалық одақтың Қытаймен ынтымақтастығы маңызды компонент болып табылады.
Екі стратегиялық жобаның жүйе­лі түрде өзара іс-қимыл жа­сауы ХХІ ғасырдағы әлемдік даму­ды қалыптастыруға мүм­кіндік беретініне сенімім мол.
Реформалардың маңызды аспектісі – «Біртұтас болашақтың ұлтын қалыптастыру» бойынша «Қазақстан халқының ассамблеясы туралы» Қазақстан Рес­публикасының заңына өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда көрініс тапты.
«Қазақстан халқының ассамблеясы туралы» заңға ассам­блеяның институттық рөлін күшейтетін, қоғамдық келі­сім мен ұлттық бірлікті нығай­ту үшін жағдай жасайтын өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізіледі. Қатарында Қазақстан халқы ассамблеясы сайлаған тоғыз депутат бар. Мәжіліс депу­таттары елеулі түзетулер енгізіп, аталған заң жобасын мақұлдады. Оның негізгі жаңалықтары: Мәң­гілік ел жалпыұлттық пат­риот­тық идеясы тоғысқан Қазақс­тандық азаматтық бір­тек­тілік пен бәсекеге қабі­лет­ті ұлт қалыптастыру. Депутат­тық корпус пен Үкіметтің жә­не басқа мемлекеттік орган­дардың, Мәжіліс аппараты қыз­меткерлерінің, сарапшылар мен жұртшылықтың күш-жігерін жұ­мылдыру нақты нәтиже берді: ағымдағы жылғы 7-қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Елдің мем­лекеттік-құқықтық дамуының үшінші ке­зеңінің құқықтық база­сын қалып­тастырудың бірінші ке­зеңін аяқтайтын заң жобалары мақұл­данып, Сенатқа жіберілді.
Ағымдағы жылғы қарашада Президенттің барлық бес реформасын іске асыруды бас­тайтын заң жобалары 2016 жыл­ғы 1-қаңтардан бастап қол­даныла бастау үшін Мемлекет Басшысының қол қоюы­на ұсынылуға тиіс.
Біз заң қабылдау – маңызды іс екенін түсінеміз, алайда заң­дардың қабылдануымен прак­тикалық жұмыс енді ғана басталады. Оларды орындау жөніндегі ауқымды әрі маңыз­ды іске жол ашылады. Біз қабылдаған заңдардың нормаларын дәл, мүлтіксіз іске асыруды Үкімет, жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етуге тиіс, сонымен қатар оларды тиісті заңға тәуелді актілерді әзірлеу мен дайындау және оларды нақты іске асыру жөніндегі жұмыс күтіп тұр.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын заңнамалық қамтамасыз ету­ге бағытталған барлық заң­дар практикада тиімді іске асырылып, мемлекеттік басқару ап­паратын жаңғыртудың, аза­мат­тық және құқықтық инсти­туттардың жұмысын жетіл­дірудің, экономиканы одан әрі индустрияландырудың құқық­тық негізіне айналуы тиіс.
Мемлекет басшысы «Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: бес институттық реформа» атты стратегиясында «күшті мемлекет, дамыған қоғам қалыптасуы үшін елдің алға қарай 40-50 жыл бойы тұрақты қозғалысы қажет» деп атап өтті.
Еліміз таңдалған стратегия­лық жолмен нық қадам басып келеді. Біз бұдан кейін де Қазақстанның өркендеуіне алып келетін президенттік рефор­маларды табысты іске асыру үшін барлық күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз.
Тамыры ғасырларға созылған өткенімізден бастау алатын біздің дәуіріміз егеменді Қа­зақ­стан мемлекеттігін құру мен нығайту жолындағы әрі болашаққа – Мәңгілік ел болуға қол созған ұлы уақыт ретінде тарихта қалады.

Жауап қалдыру