Жат діни ағымдарға – тосқауыл

0
36

Ислам – араб тілінде бейбітшілік, тыныштық деген мағына береді. Аты айтып тұрғандай Исламның бейбітсүйгіш дін екенін атауынан байқауға болады. Әлемдік діндерден християн, буддизм діндері сол діннің негізін саушы адамдардың атымен байланысты болып жататынын байқаймыз. Мәселен Християн діні Иисус Христостан ал буддизм діні Буддадан алынғаны белгілі.
Алматы облысы, Еңбек-шіқазақ ауданы, Қырбалтабай ауыл­дық округінің діни мәсе­лелер жөнінде құрылған жұмыс тобы Шалқар ауы­лындағы Құрөзек орта мектебінде қасиетті рамазан айы қарсаңында діни мәселелер жөнінде түсінік жұ­мыстарын жүр­гізді. Қыр­бал­­табай ауыл­­дық меші­тінің имамы Әкім­хан Бердібек бүгінгі күні аудан кө­лемінде дін бағы­тында атқа­рылып жатқан жұмыс­тар­мен таныстырды.
Ислам дінінің аты не пайғамбарға не жерге не руға не адамның атына еш байланысы жоқ. Асыл дініміздің атын әлемдердің Жаратушысы ұлы Раббымыздың өзі қойған. Сан ғасырлар бойы жер бетінде қан төгіс, жанжал, әділетсіздік жайлап, адамзат баласы небір ауыртпашылық пен азапты бастан кешіруде. Алла адамзатты жаратқаннан соң олардың қалай тұрып қалай жүру керек екенін білдіру үшін пайғамбарлар арқылы дін жіберді. Ислам діні 14 ғасыр бұрын келді. Яғни екі дүние сардары болған Мұхаммед пайғамбарымызға 23 жылда қасиетті Құран кәрим кітабы түсті. Құран – адамзатқа тура жол көрсетуші, ақ пен қараны айырушы кітап. Исламның әлемдік дінге айналуының сыры неде? Ол адамзатқа Алланың бар және бір екендігін, барша әлемді бір Алланың жаратқандығынан хабар беріп, адамдар арасында тәртіп орнатып, бауырластыққа бастайды. Адаммен адамның жаратылысының тең екендігін корсетіп, бақытты болудың жолын көрсетеді.
Жиынға қатысушылар өзде­рінің көкейкесті сұрақтарын ортаға салды. Ауыл имамы дін ұстану төңерегіндегі сұрақтарды саралай келе Ислам діні қай кезде де адамның ар-ожданын бәрінен де жоғары қойып, бірінші кезекте отбасының бірлігін сақтауға, әділеттілікті қолдауға, жаратылыстағы он сегіз мың тіршілік иесінің бірде-біреуіне қиянат жасамауын насихаттайды. Ислам дінінің басты ұстанатын қағидаты адам­дар арасында бейбіт қаты­настар орнатып, тату-тәтті өмір сүруге бейімдеу, басқа дін өкілдеріне құрметпен қарау – деп оқушыларды имандылыққа шақырды. Сөзін әрі қарай жалғастырған имам «Құранда «жихад» сөзі бірнеше рет айтылады. Жихад сөзі белгілі бір мақсатқа ұмтылу, көп еңбектену деген мағынаны білдіреді. Мәселен барыңды салып білім жолын қусаң, үлкен оқымысты болып, халқыңа қызмет қылсаң, білім алу жолындағы барлық қиындықты жеңсең осының өзі жихад болып табылады», – деп исламдағы жиһад ұғымын ашып берді.
Жиынға қатысушылардың Рамазан айында ораза ұстау бойынша қойған сұрақтарын мешіт имамы мысалдар кел­тіре отырып, жан-жақты түсіндіріп берді. Ауылдық округтің ішкі саясат маманы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жөнінде ойын ортаға салды. Мектеп ұстаздары, оқушылар мақаланы талқылағандарын және мақа­ладағы латын әліпбиіне көшу, бәсекеге қабілетті білім алуды қызу қолдайтындарын жеткізді. «Жа­ңа гуманитарлық білім» жоба­сы бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықтың қазақ тіліне аударылып, сол арқылы білім сапасын көтеру болашаққа үлкен бастама деп ризашылықтарын білдірді.
Құрөзек орта мектебінің директоры Қамышпаева Шол­пан «Біздің мектебімізде Ақжал, Шалқар ауылынан 70 жуық оқушы білім алады. Бү­гінгі дін жөнінде біраз мәселе тал­қыланып, оқушылар өздерінің сұрақтарына толық қанды жауаптарын алды», – деп жиынды қорытындылады.

Ержан СҮЙЕНІШЕВ,
Қырбалтабай ауылдық округінің
бас маманы

Жауап қалдыру