VIII республикалық Құран жарысы мәресіне жетті

0
149

28 көкек күні VIII респуб­ликалық Құран байқауына қатысқан жүлдегер қари­лар­ды марапаттау рәсімі, ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің қатысуымен, Алматы қаласы Алатау дәстүрлі өнер театрында өтті.
Құран байқауына қатысу­шы­ларға ҚМДБ-ның төра­ғасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет құттықтау лебізін білдірді.
Еліміздің әртүрлі аймақ­тарында басталған VIII рес­пуб­­ликалық Құран байқа­уы­ның іріктеу сайысына 558 қари қатысып, олардың ара­сынан суырылып шаққан 69 қариымыз екі күні бойы Ал­маты қаласы Орталық меші­тінде өзара қызу бәсекеге түсті.
Бұл додалы жарыста қари­лары­мыз Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 пара­сын, 10 парасын жатқа және мә­нер­леп оқу сынды 4 но­ми­на­ция бойынша сайысқан болатын.
Рухани кеште Құран бай­қауының жүлдегерлерін ма­ра­пат­тау кезеңінде елі­мізге та­нымал дін және қоғам қайраткерлері өз қолда­ры­мен марапаттарын табыс­тады.
Соның ішінде ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Серік­бай қажы Ораз хазрет Құ­ран Кәрімнің 30 парасы бо­йынша жеңіске жеткен Маң­ғыстаулық Сатешов Сақиға автокөліктің кілтін ұстатты.
Жарыс жүлдегерлерінен бөлек Құран байқауына қа­тысқаны үшін 57 қаридың әрбіріне ынталандыру ре­тінде 50 мың теңгеден сы­йақы берілді.
Қа­риларымызды жеңіс­терімен құттықтаймыз. Алла Тағала баршамызға Құран шапағатын нәсіп етсін.

Azan.kz

Жауап қалдыру