Тозақтың басым көпшілігі – әйелдер

0
149

Әйелдерді тозақтан сақтан­дырған Пайғамбар (с.а.с.): «Ей, әйелдер қауымы, садақа бе­рің­дер! Мен тозақтықтардың көп­ші­лігінің сендерден екенін көр­дім», – деген. Сонда әйелдер: «Ол не үшін, уа, Алланың елшісі?» – деп сұрайды. Пайғамбар (с.а.с.): «Қарғысты көп айтасыңдар, кү­йеуге қарсы келесіңдер», – депті.
Тағы бір хадисте Алла елшісі (с.а.с.): «Тозақты көрдім… және оның тұрғындарының көпшілігі әйелдер екенін көрдім», – деген. Сонда адамдар: «Не себепті, уа, Алланың елшісі?» – деп сұрайды. «Күпірліктері себепті», – дейді. «Олар Аллаға күпірлік қыла ма?» – деп сұрапты. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Күйеуіне күпірлік қылады, жақсылыққа күпірлік қылады. Егер олардың біріне өмір бойы жақсылық істеп келіп, сосын сенен бір нәрсе көрсе: «(Сенен) еш жақсылық көрмедім», – деп айтады», – деп жауап берген.

asyldin.kz

Жауап қалдыру