Өте шықпайтын бір ғана «ертең» бар

0
128

Бәрімізге белгілі, бұл дүниедегі барлық ертеңдер бүгінгі күнге ғана қатысты ертең деп аталады. Ертең деген күніміздің бәрі бір күні уақыты келген кезде кеше деген атқа ауысады. Бірақ бізді алдымызда сондай бір күн күтіп тұр. Ол күніміз дүниелік түсініктегі ертең емес, жалғыз шынайы ертең, еш таусылмайтын мәңгі күн. Яғни ахірет. Біздің шынайы болашағымыз сол болашақ ертеңімізде айқындалмақ. Ол күні бізге осы дүниедегі, тіршілігіміздегі жазылған таспамыз түгелімен көр­­сетіліп, Хақ Тағала бізге: «Кітабыңды оқы! Бүгін сенен есеп алуға өз ұжданың да жетіп, артылады», – дейтін болады. (Исра сүресі, 14-аят)
Сол себепті де өміріміздің негізгі дерті сол ертеңде табыста болу үшін мәңгілік келешегімізге ең көркем түрде дайындық жасау болуы керек.
Өйткені қиямет күніне дайындықсыз бар­ған­дарға ол күн өте қорқынышты әрі жан түршіктірерлік болмақ. Хақ Тағаланың білдіруі бойынша ол күн өте қиын күн болады. Бірақ оның қиындығы мен барлық қорқынышы ол күнге дайындықсыз, ғапыл түрде барғандар үшін. Бұл сынақ әлемінде басымызға сәл ғана қауіп төнсе үрейленіп кетеміз. Кішкене бір жер сілкінсе, кішкене бір сел басса, қаттырақ дауыл соқса жанымыз шүберектің ұшына түйіліп, жүрегіміз аузымызға келіп, қор­қа­мыз. Өйткені жа­ны­мыз тым тәтті.
Бі­рақ біле-білгенге қор­қыныштардан құты­лудың бір ғана жолы бар – ең қорқынышты ұлы күнге толық дайындық жасау. Өйткені бұл дү­ниеде де, қабірде де, қияметте де қашып, бас сауғалайтын жер жоқ. Сол себепті Ұлы Алла Тағала өз қам­қорлығына пана­лауға шақырады.
«Аллаға асығыңдар..» (Зарият сүресі, 50-аят) Аллаға асығудың уақыты осы дүниеде, оны өткізіп алсақ орны толмас өкінішке тап боламыз. Өйткені өткен уақыт қайтарып алынбайды.

asyldin.kz

Жауап қалдыру