Түркістанның тарихи әрі рухани мәні зор

0
24

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 11 қыркүйек күні Түркістан қаласын дамыту жөнінде кеңес өткізді. Жиын барысында Мем­лекет басшысына Түркістан қаласын дамы­тудың жоспары мен перспективалары жөнінде мәлімделіп, облыс орталығын Шымкент қала­сынан Түркістан қаласына көшіруге қатысты тапсырмалардың орындалуы туралы баяндалды.
– Елімізде жаңадан Түркістан облысының пайда болғаны баршаға мәлім. Бұл орынды шешім деп санаймын. Облыс орталығы енді Түркістан қаласына көшеді. Бұл – барлық жағы­нан да күрделі үдеріс, – деді Қазақстан Президенті.
Елбасы Қазақстан хал­қы үшін де, бүкіл түркі әлемі үшін де Түркістан қала­сының тарихи әрі рухани мәні зор екеніне айрықша тоқ­талды.
– Бұл – түркі халық­тарының киелі мекені. Сон­дықтан мұнда жұрт көп келеді. Бұл жерде көптеген танымал тұлғалар жерленген, – деді Нұрсұлтан На­зар­баев.
Кеңесте Премьер-Минис­трдің бірінші орынбасары А.Маминнің Түркістан қала­сының аумақтық даму тұжырымдамасы жө­ніндегі баян­дамасы және Түр­кіс­тан облысының әкімі Ж.Түй­ме­баевтың әкімшілік-аумақтық басқару орган­дарын жаңа облыс орта­лығына көшіру барысы жө­нін­дегі баяндамасы тың­далды. Атап айтқанда, Қа­зақстан Президентіне инфра­құры­лымдық және әлеуметтік нысандар салу жоспары, сондай-ақ қа­ланы энергиямен және сумен қамтамасыз етуге қатысты ұсынылған шешімдер жөнінде егжей-тегжейлі мәлімет берілді.
Жиын қорытындысы бойын­ша Үкіметке және облыс басшылығына бірқатар нақты тапсырма жүктелді.

Жауап қалдыру