Түркістанға республикалық мәртебе берілсе…

0
35

Қазақ халқының тарихында Түркістан қаласы бес ғасыр бойы рухани астана, жаулардан қорғануда орталық тірек болғаны баршаға мәлім.

Тәуелсіз Қазақ мемлеке­ті­нің тұң­ғыш президенті Нұр­сұл­тан На­зар­баевтың бастамасымен 2000 жылы еліміздің еге­мен­ді­гі­нің 10 жылдығы қарса­ңын­да Түр­кістан қаласы­ның 1500 жыл­дық мерейтойы ха­лық­ара­лық деңгейде атап өткі­зіл­ді.

Елбасымыздың ұсыны­сы­мен дү­ние­жүзін­дегі қазақтар қа­уым­дас­тығының ІІ Құрылтайы Түр­кіс­тан қаласында дүрілдеді.

Яссауи атындағы ха­лық­ара­лық қазақ-түрік Түр­кіс­тан уни­верситеті Нұрсұлтан На­зар­баев­тың пәрменімен құ­рыл­ған Қа­зақ­стан­дағы тұң­ғыш ха­лық­ара­лық жоғары оқу орны.

Қазіргі замандағы бір-бі­рі­мен аңдысып, бір-біріне күш көр­се­тіп, жауласып жатқан алпауыт мемлекеттер арасын­да­ғы біз­дер­ге, әлемдегі түр­кі­қан­дас ба­уыр­ларымыздың басын қо­сып, бірлігі мен ынтыма­ғын ны­ғай­та тү­су – тәуелсіз­ді­гі­міз­ді ны­ғай­ту­дың кезек күт­тір­мей­тін мә­се­ле­сі екен­ді­гі мәлім.

Осыларды ескере отырып, Қа­зақ хандығының 550 жыл­ды­ғы аталып өтетін би­ыл­ғы­дай тарих тағылымына тағ­зым ету жылы Түркістанға рес­пуб­ли­ка­лық мәртебе берілгені абы­рой­лы үлкен іс болады деп ойлаймыз.

Атақ-даңқы Санкт-Петербург пен Ыстамбұлдан мысқал да кем түспейтін Түркістан еркін экономикалық аймақ құру ар­қы­лы жедел дамып кететініне кү­мән жоқ. Бұған Үкіметтің ынтасы мен Елбасымыздың қол­дауы ға­на қажет. Түркістан рес­пуб­ли­ка­лық мәртебеге әбден лайық. Әрі бұл шешім биыл 2015 жылы қа­был­дан­са құба-құп.

Нұрмаханбет НАЗАРОВ,

ҚР Мәдениет қайраткері,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,

Түркістан қаласының Құрметті азаматы.

Оңтүстік Қазақстан облысы,

Түркістан қаласы.

Жауап қалдыру