Тәрбие – тал бесіктен

0
42

Бүгінде ұлтымыздың тілі шұбарланып қана қоймай, тәрбиесі терістеніп бара жатқанына қарның ашады. Қазақи тәрбие мен ұлттық өнерді шетке ысырып, батыстық, шығыстық дүниеге құмар болып алдық.
Қазақ жігіттерінің бойында ерге тән мінездің кемуі де белең алып бара жатқандай. Олардың бір-бірімен жаға жыртысып, басын жарып, көзін шығаруға дайын тұратынына қарап, «болмас елдің балалары бірін-бірі қатын дейді» деген аталы сөз еріксіз ойға оралады. Баяғыда қазақ жігіті, найзаға үкі тағып, батыр болуға асыққан еді, ал қазіргі жігітсымақтар, құлаққа сырға тағып, қатын болуға асыққан заман болды.
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді де ұмытқан сыңайлымыз. Қоғамдық көлікте ата-әжелер орнынан түрегеп тұрып, жастар шалқайып отыратын күнге жеттік.
Ел тәуелсіздігіне ширек ғасырдан асып бара жатқанына қарамастан ана тілін білмейтін қаракөз қандастар толып жүр. «Қазақтың наны тәтті де, тілі жаман ба? Олай емес, қазақтың нанын жеген адам, тілін де үйренсін!» – деп Асылы Осман апамыз айтқандай, мен де Қазақстанда өмір сүретін басқа ұлт өкілдерін қазақ тілінде сөйлеуге шақырар едім.
Осы бір шағын мақалам арқылы өскелең ұрпақ – замандас жастарға ой салғым келеді. Ел ер­теңіне жауапты буын бол­ғандықтан осындай ұлттық мәселелерге бей-жай қара­масақ деймін. Тәрбие – тал бесіктен екенін ұмытпайық, ағайын!

Дастан ҚАНАТҰЛЫ,
№26 орта мектептің
11-сынып оқушысы,
Алматы облысы
Талғар ауданы

Жауап қалдыру