Сын түзелмей, шын өмір жоқ

0
127

Әбу Бәкір Сыддық: «Адам­дардың ішінде Алла Тағалаға ең қатты бойұ­сынатыны өзінің қате-кем­шілігіне қатал сынмен қарай білетіні», – деген.
Бұл – өте нәзік мәселе. Қарап тұрсаңыз, жақсылық жасамайтын адам некен-саяқ. Кез келген адам жақ­сылық атаулының бір легін жасайды. Тіпті, жақсылық және қайырымдылығымен елге танымал болған адам­дар да аз емес. Алайда, «көз қысты, бармақ бас­ты» дегендей жемқорлық, ұрлық және құзіретін асыра пайдаланып заңды белінен басу секілді күнәға немесе қылмысқа итермелейтін себептердің оңтайы туғанда оңай олжадан бастартуға шамасы жете ме немесе заң алдында жауапкершілікті сезіне ме, әлде жалтарып кете ме? Бас­қа сөзбен айтқанда, өзінің ар-намысы сотының ал­дында қаншалықты адал? Қалауын жеңе алмай, нәпсісін тізгіндей алмай сорлай ма? Демек, жақсылық жасау – құлшылық. Қылмыс жасау – күнә. Құлшылықтың құны жақсылық жасаумен емес, жамандықтан тыйылумен өлшенеді.
Осы ойды табиғин Сәһл бин Абдулла Тустари (р.а.) былай жеткізеді: «Жақсылық істерді жақсы адам да, пасық адам да жасайды. Бірақ, күнә атауынан тек шыншыл ғана аулақ жүреді», – деп жеткізеді.
Міне, бұл сахаба Сыддықтың сөзінің мәнін екінші қырынан аша түсуде. Осы орайда, ораза жайлы «Кімде-кім жалған және өтірік сөзі мен іс-әрекеттен тыйылмаса оның тамақ пен сусыннан тыйылғанының Алла Тағала ешбір керегі жоқ», – деген хадистің мағынасы айқындала түс­кен сияқты.

Руслан ҚАМБАР
kazislam.kz

Жауап қалдыру