«Отан – отбасынан басталады» деген аталы сөз бар. Ол екі жастың шынайы махаббатынан бастау алатын сүйіспеншілік одағы. Алайда, елімізде шаңырақтары шайқалған отбасылардың саны күн санап өсіп келеді. Бірін-бірі сүйіп қосылған жас жұбайлар бүгін үйленіп, ертең ажырасып жатқандары, қазақтың мәдениетіне жат қылық. Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған біздің ұлтымызға «ажырсу» қайдан келді? деген сұрақ туады.
«Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер», демекші, әкесі мен шешесінің де жылулығын көріп өскен бала мен жалғызбасты әйелдің балаларын салыстыратын болсақ, әкесі жоқ ұлдың бойында ер азаматқа тән қасиет жоқ, қызы қорқақтау, ұяң, тез жылап қалатын болып келеді. Әке мен шеше арасындағы келеңсіз жағдайлардың кесірінен ортада бала жапа шегеді. Отбасының тірегі, үйдің ұйытқысы болып отырған, әрине ең бірінші – әйелге ауыр тиеді. Енесімен қарым-қатынасы, ас әзірлей білмеуі, салақтық былай тұрсын, түп тамыры тереңде жатыр.
Ал күйеуіне келетін болсақ, отбасын толыққанды асырай алмауы, яғни, жұмыс істемеуі. Кейбір еркектер құдай қосқан жарынан бөлек, жасырын тоқал алуы сәнге айналып барады. Арзан дәрежеге риза болып, кейіннен шындықтың беті ашылғанда, ажырасып жатады. Осылай елімізде, тірі жетім атанып жүрген балалар қаншама?! Олардың болашақтары не болмақ? Әке-шешесінен үлгі алып, отбасын құрғаннан соң, ажыраса салуды оңай көретін болар. «Үй ішінен жау шықса, тұра қашып құтылмассың» демекші, басқа түскен ауыртпалықты сабырмен жеңе білу керек деп ойлаймын.
Аяжан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,
Кенен Әзірбаев атындағы орта мектептің 11 «А» сынып оқушысы
Қарасай ауданы,
Алматы облысы