Сауапты 10 амал

0
69

Он екі айдың сұлтаны, қасиетті Рамазан айына бар-жоғы 5 күн қалды. Ендеше, Оразаның алдында жасалуы тиіс амалдарды еске сала өтейік.
1. Рамазан жайлы көп оқу.
Рамазан айы жайлы білім алу «Оразаны не бұзады?», «Ораза ұстамай-ақ қойсам бола ма?», «Намаз оқымайтын адам Ораза ұстай ма?» деген секілді сұрақтарыңызға жауап іздеуден басталады.
2. Рамазан айына жоспар құру.
Күнде қанша пара Құран оқимын деген секілді атқармақ істеріңізді тізіп шығыңыз. Тіпті бойыңыздағы арылмақ бол­ған жаман қасиетті әдет­ке айналдырмас үшін жазып алы­ңыз.
3. Құран оқуға жоспар құру
Рамазан – Құран айы. Бұл айда Құранды бастан-аяқ кемінде бір мәрте оқып шыққан дұрыс. Ол үшін әр намаздан соң Құран оқып отыру керек. Егер солай жасар болсақ, әр намаздан соң 41 аят оқып, бір айда Құранды толық хатым етіп бітіреді екенбіз.
4. Сүре жаттау
Рамазан айындағы ең жақсы уақыт – тарауық намазы. Егер тарауық намазын мешітте оқуға мүмкіндік болса, өте жақсы. Ал егер мүмкіндік бол­маса, тарауық намазын үйде, отбасыңызбен оқыған абзал.
5. Ораза ұстауды
бастау
Көп адамдар Рамазан айына алдын ала дайын­дық жасайды. Ардақты пайғамбарымыз (С.А.С) Шағбан айында жиі ораза тұтқан. Бұл ол кісінің Рамазан айына жасаған физикалық әрі моралдық дайындығы болатын.
6. Ас мәзірін әзірлеп қою
Отбасыңызбен бірге ас мәзірін құрып қойған артық етпесі анық. Тұзды, майлы, қуырылған және газдалған өнімдерді мүлде алып тастаңыз. Рамазан айында ішетін асымыз сіңімді әрі жеңіл тамақ болғаны дұрыс.
7. Үнемі дұғада жүру
Үнемі дұғада болып, Алла Тағаладан сұрауды әдетке айналдырыңыз. «Уа, Раббым! Біздерді аман-есен Рамазанға жеткізе көр» деп айтып жүріңіз.
8. Қаза болған ораза болса, өтеу
Осы жылғы ұстаған оразамыз берекелі болсын десек, Рамазан айына кірместен, өткен жылдағы Рама­занда қаза болған ораза күндерін толықтырып қойған абзал. Сонымен қатар, ақшалай қарыздарыңыз болса да, қайтарыңыз.
9. Алаңдатуы мүмкін істі аяқтап қою
Рамазан айын барынша құлшылықпен өткізу үшін аяқ­сыз алған жұмыстарыңыз болса, аяқтап тастаған дұрыс. Ораза кезінде сізді аланда­да­тын шаруалар болмауға тиіс.
10. Тазалық – иманның жартысы
Үйіңізді Рамазан айына дайындаңыз, яғни толықтай тазалық жүргізіңіз. Оразаны таза көңілмен, салауатты тәнмен әрі ақ ниетпен қарсы алайық.
Алла Тағала баршамыздың ниетімізді қабыл етсін! Әмин!

Жауап қалдыру