Әркім өзін ойлап жылайды

0
22

Ертеде Басрада өмірін тақуалықпен, көп ғибадатпен өткізген бір кісі болады. Бір күні оның дәм-тұзы таусылып, өлім аузында жатқанда барлық жақындары жанына жиналып жылап отырады. Кісі отырғандардың барлығына бір қарап шығады да әкесінен:
«Әке, сен неге жылап отырсың?» деп сұ­райды. Әкесі: «Балам, мен енді жалғыз ұлымнан айырылып қалатынымды ойлап жылап отырмын», – дейді.
Содан соң анасынан: «Апа, ал сіз ше?» – деп сұрайды. Анасы: «Перзентіммен қош­тасатынымды ойлап қайғырудамын» – дейді.
Кісi әйеліне де осы сұрақты қойғанда ол: «Енді сенің жоқтығың маған ауыр тиетін болды, өзгелердің көмегіне зәру болып қалатынымды ойлап жүрегім қарс айырылуда» деп одан сайын жылайды.
Балаларына қарап: «Балапандарым, сендер неге жылайсыңдар?» деп сұрағанда олар: «Сен кеткен соң жетімдіктің азабын тартатын болдық» – дейді.
Осыдан кейін кісінің өзі де жылап жібереді. «Өзің неге жылап жатырсың?» деп сұрағанда ол: «Мен әркім өзін ойлап жылап жатқанын көріп жылаудамын. Ешкім мені ойлап жылап жатқан жоқ. Араларыңда менің ақыреттегі жай-күйімді ойлап жылап жатқан адам бар ма? Менің қараңғы қабірде жалғыз қалатынымды, Жаратушымның алдында не деп жауап беретінімді қалайша ешкім ойламайды?» дейді де демі үзіліп кете барады…

asylsoz.kz

Жауап қалдыру