РАМАЗАН – РАҚЫМ АЙЫ!

0
46

Аса қамқор, ерекше Мейі­рімді Алланың аты­мен бастаймын!
Қадірлі бауырлар!
Баршамызды оразаға аман-есен жеткізген құдіреті шек­­сіз Алла Тағалаға сансыз шүкір­лер мен мақтау-мадақ­тар бол­сын!
Сіздерді күллі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңыраққа шаттық пен бақыт, бірлік пен береке тілей­мін! Баршаңызға Жарат­қан Ием жар болсын!
Рамазан – рақым айы! Қа­сиетті айдың құрметі үшін бір-бірін кешіріп, мейірімділік жо­лын ұстанған пенделер са­уап­қа кенеледі. Өзгеге ме­йірім көрсеткен адамды Алла Та­ғала Өз мейіріміне бө­лей­ді. Ке­шіргенге – кешірім жаса­­лады.
Рамазан – жақсылық айы. Оразада жасалған әрбір жақ­сы амалдың сауабы есе­ле­ніп жазылады. Хадис-шариф­те айтылғандай, «адам бала­­сының барлық игі істе­рінің сауабы артады. Әр­бір жақ­сы­лыққа он еседен жеті жүз есеге дейін сауап жазы­лады».
Осы ретте отандастарымды материалдық көмекке мұқ­таж жандарға көңіл бөліп, қа­йы­рымдылық іс-шараларға белсенді түрде атсалысуға ша­қы­­рамын. Кәсіпкерлерді рама­зан­ның құрметі үшін азық-түлік, көкөніс пен тұрмыстық заттарға, жол-көлік ақысына жеңілдіктер жасауға үндейміз.
Құрметті жамағат!
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «2018 – Ислам және отбасы жылы» деп атады. Қасиетті айда қараусыз қалған қарттар мен мү­гедектерге, жетімдер мен көп­балалы отбасыларға, нау­қас адамдарға барынша қамқорлығымызды көр­се­тейік, ардақты ағайын! Бір адамды қуанышқа бөлеу – садақа.
Құдайы астар мен сада­қалар ауызашар уақы­тында ұйым­дастырылса, тойлар ішім­діксіз өткізілсе, жаман­дықтың бастауы болған арақ-ша­раптың сатылуына ба­рынша жол берілмесе деген тілегімді білдіремін.
Құрметті қауым!
Он екі айдың сұлтаны – рамазан құтты, берекелі болсын! Қасиетті айда жа­сайтын құлшылық, дұға-тілектеріңіз қабыл бол­сын! Алға қойған арман-мақ­саттарыңыз орындалып, ора­задан оразаға аман-есен жете беруімізді Алла нәсіп ет­сін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, халқымыздың бірлігі нығайып, берекесі арта бергей! Тәуелсіздігіміз әрқашан баян­ды болғай! Әумин!

Жауап қалдыру