Қонаевтың қанатты сөздері

0
119

Бұрнағы күні аса көрнекті мемлекет және қоғам қай­раткері, басшылық қыз­метте жүріп, еліміздің да­муына айтулы еңбек сіңір­ген қазақтың ардақты ұлы, Дінмұхамед (Димаш) Ахмет­ұлы Қонаевтың дү­ние­ден өткеніне ширек ға­сыр болды. Осыған орай Дін­мұ­хамед Қонаевтың көзі тірісінде айтып, жазып кет­кен қанатты сөздерін ұсы­на­мыз.
Көз өзіне сенеді, құ­лақ өзгенің сөзіне сенеді дегенді естен екі елі шы­ғар­ма­лық.
Сенім деген құдіретті күш – ол сеңгір тауды да қоз­ғайды.
Хан келеді, кетеді. Ха­лық қалады, халық қалса – тақ қалады.
Абыройдан ақ отау тіктім деген кісінің пенделігі аз болмайды.
Әрине, істің орайы келе бермейді, Әйтпесе алдыңа келген адам өтінішін аяқ асты етпегенге не жетсін?!.
Жалпы адам жанына ізгілік нәрін сепкен ұстаздан үлкен кім бар!
Дүние түске дейін киіз, түстен кейін мүйіз болып кетуі әп-сәтте.
Орынды сын ойлантпай қоймайды
Панам да ел, данам да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім.
Жалада шындық болмайды.
Адам айнасы – адам.
Тәуелсіздіктің жүгі ауыр.
Адамға жазаның ең үлкені – жұмыссыз қал­ды­ру.
Ақиқаттан атап кету – арға сын.
Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үй­ретуден аянбау.
Сатыға аяқ салмай жатып, баспал­дақтан аттама.
Қанмен сіңгенді қа­сиет­темесең, қа­дірің бол­майды.
Бүгінгі күн – кешегі күннің шәкірті.
Адамдық қалыпты биік ұстау – кімге де болса үлкен сын.
Сенім – құдіретті күш: тауды да қозғайды.

Жауап қалдыру