«Ой-сана» ойлы жастарды анықтады

0
52

Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы үстіміздегі жылдың 8 маусым күні Алматы қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектептің мәжіліс залы ғимаратында орыс жастары арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын арттыру мақсатында орыс тілін жетік меңгерген қазақ жастарының «Ой-сана» қалалық байқауын  өткізді.

Байқаудың мақсаты – орыс тілін жетік меңгерген қазақ жастары арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру болды.

Байқау 4 кезеңнен тұрды:

І. «Білім бедері» – орыс тілінің лексикасы мен грамматикасына арналған 60 тест тапсырмасын орындау (40 минут).

ІІ. «Қалам қарымы» – ұсынылған үш тақырыптың біріне эссе жазу. Көлемі: 1,5-3 бет (30 минут).

ІІІ. «Ойталқы» – ұяшық ашу арқылы таңдалған тапсырманы ауызша баяндау (суретті сипаттау немесе берілген ақпаратты пайдаланып шағын әңгіме құру, 3-5 минут).

ІV. «Шабыт шыңы» – өз таңдауы бойынша орыс тілінде ән орындау немесе көркем шығарма үзіндісінен театрландырылған қойылым көрсету (3-5 минут).

Қазылар алқасының шешімі бойынша байқау жеңімпаздарының есімдері төмендегідей:

Бас жүлде – Надира Мухамеджан

І орын – Альфия Жанкабаева

ІІ орын – Адиль Емешев

ІІІ орын – Алуа Муратханова

Байқау шарттары бойынша «Сөз зергері» және «Өнер алды» деген екі номинация белгіленген болатын. Оны Ильщат Ушурбакиев пен Әдина Төлебаева иеленді. Ал, Медина Әлиқұлова мен Жалғас Мүталіповке ынталандыру сыйлықтары берілді. Бас жүлдені иеленген Нәдира Мұхамеджан Астана қаласында өтетін республикалық байқауға қатысып Алматының намысын қорғайтын болады.

                                                                                                  Меліс СЕЙДАХМЕТОВ,                                                                                                                             «P&H»

Жауап қалдыру