Мүбәрәк болсын мереке!

0
79

Қазақстан мұсылман­да­ры діни басқармасы 2018 жылы Құрбан айт мерекесі тамыз айының 21-і күні басталатынын хабарлады. Құрбай айт намазының уа­қыты Алматыда – 7.00-де.
«Биыл мұсылман күнтіз­бесі бойынша зүл-хиджа айы­ның бірінші күні тамыз­дың 12-не, ал, Арапа күні 20 тамызға сәйкес келеді. Құр­бан айттың бірінші күні – 21 та­мыз.
Арапа – қажылар Арафа жо­тасында құлшылық ете­тін күн. Қажылыққа бар­маған мұсылмандар үшін ара­па күні ауыз бекіту – мұстахаб (жағымды) амал. Әбу Қатадан жеткен ха­дисте: «Арапа күнінің ора­за­сы өткен және келер жыл­дардың күнәларына кә­фәрат (кешірім) болады…» делінген.
Жағдайы бар, әрі жо­лаушы емес мұсылманға құрбандық шалу – уәжіп, мұсылмандық міндет.
Құрбандыққа түйе, сиыр және қой (ешкі де) шалы­нады. Бір қошқар немесе қой бір кісі атынан шалынады. Ал қара мал немесе түйені жеті кісі бірігіп, құрбандыққа шалуға болады. Құрбандық малын айт намазынан кейін айттың үшінші күні күн бат­қанға дейін шалуға бо­лады.
Құрбандық етін үшке бөліп таратуға болады. Бір бөлігі өзіне қалады, екінші бөлігі ағайын-туыс, көршілерге бе­ріледі, үшінші бөлігі көмек­ке мұқтаж кісілерге тара­ты­лады». Келе жатқан Құрбай айт мерекесі құтты болсын!

Жауап қалдыру