Кітапқұмарларға арналған фестиваль

0
106

8 қыркүйек күні Алматы қаласындағы  «Астана» алаңында қала әкімдігінің қолдауымен «BAURZHAN Foundation» қоры ұйымдастыратын дәстүрлі «KITAP FEST 2018» кітап фестивалі өтеді.

Жылдан-жылға ауқымы кеңейіп келе жатқан фестиваль отандық жазушылар мен оқырмандардың, блогерлердің, қоғам қайраткерлерінің басын қосатын  мәдени-ағартушылық іс-шараға айналды.

Сіздерді «KITAP FEST 2018»-де не күтеді?

– I BOOK YOU ұйымдастыратын Кітап алмасу. Осы арқылы сіз өзіңіздің кітап тізіміңізді жаңарта аласыз. Бұнда кітап жанрларының түр-түрі болады.

– Жазушылар шатыры. Қазақстандық жазушылар өздерінің 2017-2018 жылдары жарық көрген кітаптарымен таныстырады. Шақырылған жазушылар арасында Олег Червинский, Хаким Булибеков, Jan Amany, Наталья Махно, Алмаз Шарман сынды қаламгерлер бар.

– Блогерлер шатыры. Фестивальда сіздің танымал қоғам қайраткерлерімен, журналистермен, блогерлермен танысуға мүмкіндігіңіз бар. Ал олар өз кезегінде кітапқа қатысты көптеген қызық әңгіме қозғайды. Шақырылған қонақтар: Айсана Ашим, Марина Шарипова, Айна Досмахамбетқызы, Айдос Сарым, Диана Снегина және т.б.

– Кітап жәрмеңкесі. Кітап дүкендері, баспалар және интернет-дүкендер өз тауарларын көрмеге қоятын болады.

– Балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы.

– Жалпы ойын сауық бағдарламасы.

Әлеуметтік жобаларды жүзеге асырумен айналысатын «BAURZHAN Foundation» қорының «KITAP FEST 2018» фестивалін ұйымдастыру арқылы алға қойған мақсаты – адамдар арасында кітап оқу мәдениетін дамытып, отандық жазушылар мен оқырмандардың басын қосу.

Барлық қала тұрғындары мен қонақтарын фестивальде күтетін боламыз!

Томирис КЕРІМҚҰЛОВА

 

Жауап қалдыру