Әкенің ұлына берген жауабы

0
73

Бірі кісі Құранды жаттай алмаса да оны қайта-қайта оқи береді екен. Күндердің күнінде ол кі­сінің ұлы:
– Әке не үшін Құранды жаттай алмасаңыз да қайта-қайта оқи бересіз? – деп сұрапты. Сонда әкесі:
– Ұлым көмір таситын себетті алып, су алып кел, – деді. Ұлы таң қалып: «бұл мүмкін емес қой», –  деді. Амалдап болса да су толтырып алды да, жүгіріп әке­сінің алдына келді. Бірақ себет­те су қалмаған еді. Осылай 5-6 рет қайталанды. Бірде-бір рет су әкеле алмаған ұлы:
– Әке, айттым ғой, мұның сірә, амалы жоқ, себет суды ұс­тап тұра алмайды, су лезде ағып кетеді, – деді. Әкесі:
– Иә, ұлым, мұның басқа амалы жоқ. Бірақ себеттен қандайда бір өзгеріс байқадың ба?
– Иә, әке, себет көмір таси бер­геннен қарайып кеткен болатын, ал су кұя бергеннен тазара бас­тады, – деп жауап қайырды ұлы.
– Міне, көрдің бе, балам?! Дүниенің тіршілігі деп жү­регіміз қарайып кетеді, ал мына Құран – су сияқты қа­райған жү­­ректі ағартып, мөл­дір­лік, та­за­лық, тұнықтық қасиет­тер­мен безендіреді, – деген екен.

mazhab.kz

Жауап қалдыру