Ер мен әйелдің бір-біріне қатысты міндеттері

0
402

Еркектің әйеліне қатысты мынадай міндеттері бар
1. Ішетін, жейтін халал аспен, киімімен, баспанамен қамта­масыз ету.
2. Иман, намаз, көркем мінез секілді шариғат талап­тарын үйрету.
3. Неке қиыларда қалың­дық талабы бойынша мәһір беру.
4. Әйелімен сыпайы, әрі көркем мәміледе болу.
5. Әйелін құрметтеу, қадірін білу және жақсылық жасау,
6. Зайыбының төсек құма­рын қанағаттандыру,
7. Әйелінің ой-пікірлеріне құрметпен, ал кемшіліктеріне түсіністікпен, кеңділікпен қа­рау
8. Үй ішіне қатысты істерде ақылдасып отыру.

Әйелдің күйеуіне қатысты атқаруға тиіс міндеттер
1. Күйеуіне шын ықыласпен бағыну.
2. Ар-намысы мен күйеуінің мал-мүлкін қорғау.
3. Өмірлік жолдасының қа­лау­ларына құрметпен қа­рау.
4. Күйеуінің көңілін аулап, бала-шағасын ізгілікке баулу.
5. Күйеуінің ата-анасы мен туған-туыстарына құрмет көр­сету.
6. Үйден шығарда күйеуінің рұқсатын алу.
7. Күйеуінің отбасына қатыс­ты істеріне разылықпен қарау.
8. Күйеуінің шамасы жет­пейтін немесе қажетсіз нәрсені талап етпей, барға қанағат ету.
9. Күйеуінің көңілін көтеру үшін сәндену.

Еркек пен әйелге ортақ міндеттер:
1. Отбасында жағымды жағ­дай орнап, жаманды­қ­тар­дың болмауына әрекет ету ке­рек.
2. Алланың бұйрықтарын орын­дап, тыйымдарынан сақта­нып, тақуа отбасын құру­ға тырысу.
3. Бір-бірінің ата-анасын қас­­терлеп, туыстарын қадір­леу.
4. Өз жауапкершіліктері мен бала тәрбиесіне қатысты мәсе­­лелерде ақылдасып отыру.
5. Жанұялық құпия сыр­ларды сыртқа жаймау.
6. Бір-бірінің төсек құмар­лықтарын қанағаттандыру
7. Бір-біріне жағу үшін сәндену, май су себіну бір-бірінің көңілін көтеру

Асылбек ӘУЕЗХАНҰЛЫ.

Жауап қалдыру